GGG-ді Астанада көрген халық тік тұрып қол соқты

Геннадий Головкиннің елордалық Барыс-аренадағы хоккей матчына келуі қазақстандықтар үшін тосынсый болды. VIP-орында отырған боксшыны экраннан көрсеткенде көрермендер боксшыға деген құрметтерін жасыра алмай, тік тұрып қол соққан, деп хабарлайды Holanews.kz. 

Аталған сәттің видеосын Головкин instagram желісіндегі парақшасында бөлісіп: "Үйде жылы қарсы алғандарыңыз үшін рақмет!" деп жазған.

Халықтың ыстық ықыласына риза болған GGG орнынан тұрып, баршаға қол бұлғап, жүрек тұсын ұстапты. 

Айта кететіні, боксшы Астанадағы хоккей ойынының VIP орнында жоғары лауазымды шенеуніктермен бірге отырған. 

04.10.2018 15:33

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
BAROMETR
Астана 1℃
Яндекс.Метрика