"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен БҰҰ бірлесе жұмыс атқармақ

Алдағы уақытта "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар басқармасы бірлесіп жұмыс атқаруға ниетті. Қазақстан аумағында БҰҰ-ның инновациялық технологиялар зертханасын ашу көзделіп отыр. Бұған қоса, БҰҰ мандаттарын, оның ішінде бейбітшілік пен қауіпсіздік, гуманитарлық және де адам құқықтары мен тұрақты даму мәселелеріне қатысты шешімдер мен жобаларды айқындау, өзара пікір алмасу көзделеді. Айта кету керек, БҰҰ инновациялық технологиялар зертханасы тек БҰҰ кеңсесі мен жобалардың өздерін ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Қазақстан аумағында зертхананың құрылуы БҰҰ-мен неғұрлым кең инновациялық ынтымақтастық үшін жақсы негіз болмақ. 

Сонымен қатар, елдің басқа да инновациялық іс-шараларын қолдайтын және инновациялық қызметке деген қызығушылықтың артуына серпін береді. Сондай-ақ қазақстандық компаниялар үшін БҰҰ-мен және оның серіктестерімен, әсіресе дамушы елдердегі компаниялармен, сарапшылармен және новаторлармен ынтымақтастық мүмкіндіктері кеңейтілетін болады. Айта кетерлігі осындай зертханалар Үндістан, Малайзия, Мысыр және Финляндияда ашылған. Инновациялық зертхана шоғырланатын негізгі мәселелер – қаржылық технологиялардың қолжетімділігі, жаңа инвестициялар мен қаржыландыру платформалары, сондай-ақ капиталға инклюзивті қол жеткізу болмақ. 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар басқармасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы Хатшылықты дамытудың стратегиялық бағытын анықтауға жауап береді. Ол бағдарламалардың жүзеге асырылуын, бюджеттердің жасалуы мен орындалуын және Хатшылықтың жалпы акт-стратегиясына сәйкестігі тұрғысынан осы салада шешімдер қабылдауды бақылайды. Басқарма штатында 300-ден астам адам бар, олар әртүрлі елдерде деректерді өңдеу орталықтарын басқарумен және бүкіл әлемдегі БҰҰ-ның түрлі бөлімшелерінде 4000-нан астам қызметкерлер ұсынатын қызметтерді үйлестірумен айналысады. Басқарманың негізгі аппараты Нью-Йоркте, басқару мәселелері жөніндегі департаментте орналастырылған.

Ал Қазақстанда құрылған АХҚО-ның негізгі міндеттерінің бірі қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, елдегі  бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниетті.



30.09.2017 20:05

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика