«1С» Бизнес-форумы Астанада

2018 жылы 14 қарашада Қазақстандағы «1С» өкілдігі  «1С» Бизнес-форумын өткізеді. 

Қазақстандағы корпоративтік және мемлекеттік секторы түрлі ұйымдарының 300-ден астам жетекшілері, бағдарламалық өнімдерді жасайтын жетекші компаниялар, АТ-индустриясы саласындағы халықаралық көшбасшылардың өкілдері бизнесті дамудың жаңа сатыға  көтеру мүмкіндігін беретін заманауи технологиялардың теңдесіз қырларын талқылау мақсатында жиналады. АТ саласындағы ірі компаниялардың өкілдері, бағдарламалық өнімдерді жасаушы алдыңғы қатарлы серіктестер жобаларды енгізу, жаңа цифрлы технологиялар арқылы шығындарды азайту және табысты арттыру жолындағы тәжірибелерімен бөліседі. 

«1С» Бизнес-форумы бағдарламасының негізгі тақырыптары:

- Цифрлы мемлекет;

Мемлекеттің бұлтты жүйелерге ауысу себебі не? Электронды бюджет не үшін қажет?

- Цифрлы экономика;

Цифрлы технологиялар ауыл шаруашылығында қалай көрініс табады?

Білім және медицина саласын цифрландырудың нәтижесі қандай болмақ?

- Инновациялық технологиялар.

Бизнесті стратегиялық басқару мүмкіндіктері. 


Форумның әрбір қатысушысы сарапшылардан жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ іс-шара барысында инновациялық 1С технологиялар мен серіктестердің көрмесі өтеді. 

Күні мен уақыты: 14 қараша 2018 ж. (сәрсенбі), сағат 9.00. 

Орны: The Ritz-Carlton, Astana (Достық көшесі, 16)


БАҚ-ң тіркелуі үшін келесі телефондарға хабарласыңыздар: 76 98 56, +77015263050, email: media@askredpoint.com 

05.11.2018 14:49

Подписывайтесь на наш

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
Рекомендуемые новости

BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика