Бейсенов Марат Жұмажанұлы, ҚР ҚМ МКК пост-кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры: "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі
– "АСТАНА-1" АЖ кедендік және салықтық әкімшілендіру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әзірленіп, бекітілді. Осы жүйенің қызметі жайында толық айтып берсеңіз?
– Биыл енгізілген электрондық декларациялауға қатысты мемлекеттік кірістер органдары жүргізген ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар аясында, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік ресімдеу орталығында АЭА резиденттерінің, сонымен қатар «Астана – жаңа қала» АЭА субъектілерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылымдардың мүдделерін білдіретін, Қазақстан Республикасы Арнайы экономикалық аймағы қатысушыларының ассоциациясы «SezUnion» басшылығы қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілген болатын. Жиында Астаналық бизнес-қауымдастықтың ірі және белсенді өкілдеріне жататын АЭА қатысушылары, «АСТАНА-1» АҚ электрондық кедендік декларациялаудың артықшылықтарын атап өткен болатын. Онда тауарларды кедендік тазартудың уақыты едәуір азайғандығы, қағазды бюрократия жойылғандығы, КРО-на келмей, кедендік декларацияларды тіркеуді және шығаруды кез келген уақытта жүргізуге болатындығы, кеден органдары лауазымдық тұлғаларымен нақты байланыс болмайтындығы айтылды. 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам Ұлттық жоспарының» 38-ші қадамын жүзеге асыру шеңберінде электрондық декларациялауды жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетімен «АСТАНА-1» АЖ кедендік және салықтық әкімшілендіру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әзірленді және енгізілді, аталған жүйе электрондық құжаттардың пайдалана отырып, тауарлардың электрондық декларациялануына мүмкіндік береді. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларацияларды автоматтық түрде тіркеу және автоматты түрде шығару технологиясы жүзеге асырылған. Аталған жаңалық декларацияны тіркеуді, тәуекелдерді басқару жүйесімен бақылауды жүргізуді, декларанттың жеке шотынан кедендік төлемдер мен салықтар соммаларын есептен шығаруды, сондай-ақ тауарларды шығару туралы шешімді мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз ақпараттық жүйемен жүргізуді қарастырады.
– "АСТАНА-1" АЖ көп салалы және кешенді жоба. Жоба жоспарының іске асырылуы қалай жүргізілмек?
–2017 жылдың 1 қазанынан бастап, «Кедендік транзит» кіші жүйесі іске қосылды, ол шекарадағы өткізу бекеттеріндегі бүкіл кедендік операциялардың орындалуын қамтамасыз етті (айқын артықшылықтардың бірі – алдын-ала ақпараттандыруды қалыптастыру мүмкіндігі, осының нәтижесінде ол болашақта тразиттік декларацияға өзгереді). Алдын-ала ақпарат түскен тауарларға қатысты Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша алдын-ала талдау жүргізіледі және сәйкесінше тауарлардың келуі кезінде бақылау аз уақытта жүргізіледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі қосылды. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, қалған кедендік рәсімдер бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі қосылды. «АСТАНА-1» АЖ ендіруінің мынандай артықшылықтары бар: аталған жүйе пайдаланушыларға тегін ұсынылады, кедендік декларацияны мемлекеттік кірістер органына тауарларға ілеспе құжаттардың қосымша ұсынылуынсыз беруге болады және де тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдары болмаған жағдайда тауарларды автоматты түрде шығаруға мүмкіндік береді. «АСТАНА-1» АЖ енгізу арқылы тауарлардың кедендік тазарту уақытының, тәуекелдер болмаған жағдайда, 1 минутқа дейін төмендеуге, бұл шамамен кедендік декларациялар жалпы санының 73% кедендік декларациялар болып есептелінеді. Одан кейін тауарларды декларациялау кезінде СЭҚ қатысушыларының қаржы шығындарының азайтуға, кедендік органдар мен СЭҚ қатысушылардың арасындағы тікелей қатынасты барынша азайту жолымен жемқорлықтың деңгейін азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы тәжірибе автоматты режимде шығарылған тауарларға арналған декларациялардың өсуін көрсетеді, электрондық декларациялауды ендіру сонымен қатар кедендік рәсімдердің тезірек жүргізілуіне мүмкіндік жасайды, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде субъектке бағдарланған тәсілді қолдану арқылы кедендік бақылауды жүргізу барынша азайтылды.