Жастар жылына арналған жол картасында қандай шаралар қамтылғаны туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы, Асхат Оралов кеңінен баяндады. Ол өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әрқашан жастарға аса назар аударатынын айта келіп, Президенттің еліміздің де, мемлекетіміздің де болашағы жас ұрпақтың қолында деген пікірін тілге тиек етті. Оның айтуынша, еліміз Тәуелсіздік алғалы бері 28 жылдың ішінде мемлекет тарапынан жастарға біраз жобалар мен бағдарламалар қабылданып, осы бағытта жұмыстар атқарылуда, Toppress.kz деп хабарлайды.
− Солардың қатарында баршаңызға мәлім, "Болашақ" бағдарламасы бар. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы, "Дипломмен ауылға" жобасы, "Серпін" бағдарламасы, "Жастар" тәжірбиесі, "Жасыл ел" жасақтары, "Жайдарман" ойындары және т.б. жобалар іске асуда. Осы жыл еліміздің жастар үшін ерекше жылдардың бірі деп есептеуге болады. Өйткені 2018 жылдың 5 қазан күні Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында жастар және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс деген тапсырма жүктеді. Сонымен қатар, 2019 жылды жастар жылы деп жариялауға ұсыныс білдірді. Еліміздегі барлық аймақтың жастары бірауыздан қолдап, қараша айында Елбасының ресми жарлығы жария етілді. Өткен жылдың қаңтар айының соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу қорытындысы бойынша министрлік мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын әзірледі. Өз кезегінде жол картасының жобасы барлық министрліктермен және де жергілікті атқарушы органдармен сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын ескере отыра әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілді. Жол картасының негізгі мақсаты – жастардың әлеуметін жүзеге асыру және де дамыту үшін жағдай жасау. Оларды қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Жол картасы 4 блокка тоқтастырылып, 84 тармақтан тұрады. Бірінші блокта, трек іс-шаралар қамтылған. Жыл аясында 5-6 трек іс-шаралар өтеді. Біріншісі, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Екіншісі, "Зерен – 2019" республикалық жазғы білім беру лагері ұйымдастырылатын болады. Өткен жылы бұл жоба сәтті жүзеге асты. Бұл жолы біз жобаны кеңейтуді жөн көрдік. Былтыр бұл шараға 300 адам қатысса, осы жылы жастар жылы аясында 1000-ға жуық адамды қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл білім беру лагерінің нәтижесі бойынша 500-ден астам жастарға арналған жаңа жобалар қолға алынады, – деді Асхат Оралов.
Оның айтуынша, биыл Жастар жылы аясында Шымкет қаласында еңбек жастарының форумын сонымен қатар, Қостанай қаласында Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығы форуымын өткізу жоспарланып отыр. Жастар жылын Президент жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңесінің қорытынды отырысында аяқтау жоспарланған. Жиында белгілі болғандай, екінші блок Елбасы тапсырған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Оның ішінде басымдық – әлеуметтік жобаларға беріледі. Ең алдымен, жастарды баспанамен қамту, жұмыспен қамтамасыз ету, жастарға бағытталған білім саласын дамыту, білім гранттарын тағайындау, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру жұмыстары жүргізілмек.
− Бүгінгі күні Қазақстан жастарын толғандырған 4 мәселе бар. Бірінші кезекті сапалы білім алу, екіншіден, жұмысқа орналасу мәселесі, үшіншіден, баспанамен қамтылу және де төртінші мәселе – отбасылық институт. Жастарды баспанамен қамту бойынша биыл қандай шаралар қабылданатынына кеңінен тоқтала кетейін. Елбасының тапсырмасы бойынша, биылғы жылдан бастап, Астана, Алматы, Шымкет қалаларында 1000 арендалық баспана салынып, жұмыс жасайтын жастарға жалға беріледі. Бұл жобаның негізгі шарттары, баспана алуға үміткер жастар санатына жатқызылуы тиіс. Жастар саясаты бойынша қабылданған заңда жас мөлшері 29 жасқа дейін деп бекітіліген. Екінші талап, міндетті түрде жұмыс істеуі қажет. Негізі өз саласының маманы деп алған дипломы бойынша өз саласында кем дегенде 3 жыл қызмет атқарған адамды айтыамыз. Ал бұл жобада кез-келген салада тұрақты жұмыс істейтін, салық төлейтін жастар бағдарлама қатысушысы атануға мүмкіндік бар. Жастардың үш жыл үшін де арендалық негізде тұруына арналған. Бұл аралықтар жастар мемлекеттік бағдарламамен үй алу үшін қаражат жинай алады,-деді Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдерімен кездесу барысында "Жас Отан-Жастар қанатының" атқарушы хатшысы Кәрібек Дәулет пен "Болашақ" қауымдастығының атқарушы директоры Демесін Лаура да Жастар жылы аясында атқарылатын жұмыстар жайында кеңінен әңгімелеп берді.