Ағымдағы жылғы 17 мамырда Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау облысы Білім беру басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен облыстық "Жас құтқарушы" жарысы өткізілді, – деп хабарлайды Toppress.kz.
Жарыстың мақсаты мен міндеті
-балалар және жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен таныту;
-спорт түрлерімен шұғылдануға балалар мен жастарды тарту;
-жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру және құтқарушы мамандығын насихаттау;
-балалар мен жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс түрлері мен әдістерін жетілдіру;
-төтенше жағдайлар орын алуы кезінде практикалық машығы мен шеберлікке ие болу мақсатында жүргізіледі.
Атырау облыстық "Жас құтқарушы" жарысын өткізу жөніндегі іс-шаралардың ережесі негізінде жүргізілді. Жарысқа аудандық деңгейде өткізілген жиындардың жеңімпаз командалары мен қалалық деңгейде өткен жиынның жүлделі 1, 2, 3 орын алған командалары қатысады.
Жарыс 7 бағыт бойынша өткізілді.
1. "Өзін таныстыру" сайысы.
2. "Жауынгерлік қанат жаю".
3. "Биіктікке шығу және түсу".
4. "Табиғи орта жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары".
5. "Су айдындарында іздестіру-құтқару жұмыстары".
6. Қатысушылар командалық 6 адам есебінде, үрмелі резеңкелі қайықты есу арқылы белгіленген жерге дейін барып келу.
7. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері.
Жарыс соңында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Рашид Бекетұлы Блялов қатысушыларға алғыс білдіріп, оларға әр түрлі номинациялар бойынша қатысқан командаларға "Алғыс хат" пен марапаттады.
Сонымен қатар, жарыс бағдарламасы бойынша командалық есеппен 3-ші орынды – Махамбет ауданы, 2-ші орынды – Құрманғазы ауданы, 1-ші орынды облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының командасы жеңіп алды. Облыстық сайыстан 1-ші орын алған команда тамыз айында Көкшетау қаласына республикалық сайысқа жолданады.