Казахстан
2288

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады

Фото: qamshy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Тoppress.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы - күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді. Қазақстан - бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар - халқымызға тән игі қасиеттер. Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт құтты болсын!, - деп жазылған хабарламада. 

05.06.2019 11:23
Похожие темы: #мереке #ораза #айт

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz