Казахстан
549

Атырауда жылқыларды азаптап өлтірген адам ұсталды

Фото: q-content.kz

Атырауда жылқыларды азаптап өлтірген цех қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Toppress.kz Tengrinews тілшісіне сілтеме жасап.

Жантүршігерлік видео WhatsАpp арқылы тарап кеткен. Жасырын түсірілген бейнежазбада ер адам жылқыларды бірнеше рет басынан балтамен ұрған сәті көрсетілген.  

Атырау облысының полиция департаменті цех қала жанындағы Береке ауылында орналасқанын хабарлады.  

Сонымен қатар, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жылқыларды азаптап өлтірген ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу ісіне байланысты күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Айта кетейік, бұл бап бойынша, кінәлі адам бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынуы мүмкін.

14.11.2019 12:31


Комментарии (0)

Рекомендуемые новости
Горячие новости