Криминальные новости
2521

12 жасар оқушыны зорлаған ер адамға қатысты дерек шықты

Фото: mk.ru

Таразда мектеп дәретханасында 7-сынып оқушысын зорлаған 36 жастағы ер адам тура осындай қылмыс бойынша сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Toppress.kz Zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Өткен жұма күні Таразда 7-ші сынып оқушысын мектеп әжетханасында зорлап кеткен-ді. Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға алынды. Аталмыш жағдайдан соң облыс басшысы арнайы жиын өткізіп, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктелді. Педагогтар пен полицейлерге талап күшейтілмек. Мектеп қабырғасындағы әрбір қылмысқа басшылық басымен жауап береді. Бүгінен бастап білім ошақтарының қауіпсіздігін тәртіп сақшылары күзететін болды. Азғындық жасады деп айыпталған азамат 36 жаста. Оның 19 жыл бұрын ұрлық емес, зорлық үшін істі болғаны анықталды, - дейді телеарна тілшісі.

Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ПД бастығы:

Аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жыл шартты түрде өтеген.

Гүлзира Дәрібаева, Жамбыл облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Жауапкершілік алынбайды деген сияқты. Соған байлынысты осындай жұмыстағы өзінің қызметкерлеріне жіті қадағалауды тапсырмағандықтан, жауапкершілік жүктеліп, жұмыстан босатылды.

Ал жәбірленуші бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін. Себебі, оның психологиялық қысымға ұшырауы ықтмал. Сондықтан жеткіншектің жанын жараламас үшін шенділер үйінде оқыту жайын қарастырып жатыр.

20.11.2019 10:18

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz