Культура
4923

"Астана Операда" Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтілмек

Фото: баспасөз қызметінің

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы  мерейтойлық жылдың ресми ашылуы 21 қаңтар күні «Астана Операда» орасан зор жетістікпен өтті. Театрдың ұлы ақын, философ, ағартушыға арнаған іс-шараларының алғашқысы Ахмет Жұбанов, Латиф Хамидидің әйгілі «Абай» операсы болмақ. Ұлттық классика жауһары тыңдарманға 25 қаңтар күні Үлкен зал сахнасында ұсынылады, деп хабарлайды Toppress.kz театр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кеште сахна төріне театрдың жетекші солистері шығады: басты Абай партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев орындайды, Айдар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш, Жиренше – Талғат Ғалеев. Ажар бейнесінде театр солисі «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Капонова дебют жасайды. Кейіпкерлердің өзіндік интерпретацияларын солистер ұсынады: Әзім – Бейімбет Таңарықов, Қарлығаш – Салтанат Мұратбекова, Көкбай – Ержан Саипов, Сырттан – Болат Есімханов, Нарымбет – Ерұлан Камел, Мес – Шыңғыс Расылхан. «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен өнер көрсетеді.

Мерейтойлық жыл аясында елордалық театрдың шығармашылық ұжымы 2020 жылға жоспарланған гастрольдің бір бөлігі ретінде шетелдік көрерменге А.Жұбанов пен Л.Хамидидің атақты «Абай» операсының қойылымын ұсынады.

«Астана Операда» Мұхтар Әуезовтің либреттосына сахналанған спектакльдің премьерасы 2015 жылғы 25 қыркүйекте өтті. Қойылымның музыкалық жетекшісі – театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – Джанкарло дель Монако (Италия). Кеңесші режиссер – Қазақстанның Халық әртісі Есмұқан Обаев. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов, жауапты концертмейстерлер – Елена Сахно, Ирина Кургузкина.

Операның көркемдік безендірілуін жасаған шығармашылық тандем – танымал сценограф Эцио Фриджерио мен «Оскар» сыйлығының лауреаты, костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино (Италия).

22.01.2020 18:42

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz