Казахстан
737

Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Катар мемлекетінің сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауари бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Toppress.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Али бен Ахмед әл-Кауари Қазақстан Үкіметінің басшысын жоғары деңгейдегі V Қазақстан–Катар бірлескен комиссиясының сарапшылық тобы отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-банк, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті. 

Елдердің арасында визасыз режим орнатылған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстерді іске қосу жоспарланған. Одан кейін астаналар арасында ғана емес, сондай-ақ Алматы мен Доха арасында аптасына 7 рет жиі рейстер орындала бастайды. 

Тараптар биыл наурыз айында Қазақстанға Катар шейхі әмір Тамим бен Хамад әл-Танидің келуін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы-банк салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. 

Кездесуге ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Катар мемлекетіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі А. Шоқыбаев қатысты.

14.02.2020 15:10

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz