Казахстан
18452

Кім қандай номермен жүреді, біле жүріңіздер

Фото: elitar.kz

«Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дейді. Қазіргі заманда мемлекет дегеннің өзі біркелкі заңымен, біртекті бет-бейнесімен ерекшеленетін құрылым екені белгілі. Әсіресе, автокөлікпен саяхатқа шыққан адамдар екінші бір елдің аумағына өткеннен-ақ ол жердің көліктері мүлдем бейтаныс, көзге үйреншікті емес нөмірлермен жүретінін байқайды.

Қазақстанның да өзіне тән көлік нөмірлері бар. Өзге елден келген саяхатшылар қай нөмір қандай мекемеге тиесілі немесе нені білдіретінін қалай ажыратады? Міне, бұл мақаламызда біз осы жайында баяндауды жөн көрдік. 

Біздің елімізде «елден ерекше» нөмірлерге деген сұраныс әлі де толастамай тұр. Әркім-ақ өз көлігінің нөмірі бірдей сандардан тұрғанын немесе нөлден басталғанын қалайды. Ал мұндай нөмірдің ең «бірегейі», атап айтқанда 0001kz 01 деген нөмір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі.

Бұрын ол Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынікі болатын, қазір Тұңғыш Президент өз көлігінің нөмірін 001QR 01 деген нөмірге ауыстырды. 

Ел тұтқасын ұстап отырған бұл азаматтардың нөмірлерін есте сақтау қиын емес. Дегенмен, басқа мекемелердің нөмірлерін ажырату үшін бізге біраз жадымызды іске қосуға тура келеді.

Жоғары жақтағы басшылар мен олардың қызметтері ішіндегі SK нөмірі Президенттің күзет қызметіне тиесілі. Парламенттің Шаруашылық Басқармасының көліктері UD деген нөмірді тағып жүреді. Қазақстан Президентінің Әкімшілігі мен Парламенттің техникалық, қызмет көрсету көліктерінің нөмірінен ADM және AST сандарын көруге болады. Ал Парламенттің депутаттық корпусына қызмет көрсететін көліктер AV нөмірін тағып жүреді.

Жоғары эшелондағы басқа да бірқатар мемлекеттік мекемелерге келсек, Жоғарғы Сот – VP, прокуратура – PK (Prosecutorof Kazakhstan), ҰҚК – NS (National Security), Ішкі істер департаменттері – AC, ІІМ-не қарайтын Төтенше жағдайлар комитетінің өртке қарсы департаменттері – KK, облыстық және қалалық әкімдіктердің көліктері – АА (орыс тілінен – Аппарат Акима), мәслихаттар – МА («МАслихат» сөзінің екі әрпі) сериялы нөмірлерді иеленген. 

Бұрын қызмет атқарып, кейін өзгерген Қаржы полициясының көліктері SP (Салық полициясы), ал Қаржы министрлігі Кекден комитетінің көліктері ТК (Таможенный комитет) нөмірлерін таққанын айта кетуге блолады.

Ішкі істер министрлігі көліктерінің нөмірлері басқа заңды тұлғалар нөмірлерінің форматымен бірдей, бірақ сандар мен әріптер қою көк түспен жазылады, ал сериясы – КР (Kazakhstani Police).

2015 жылдан полиция мен төтенше жағдайлар көліктеріне жаңа үлгідегі нөмірлер беріле бастағанын айта кетейік. Бұл жолы қою көк фонды, ақ символды түс гаммасы бар нөмір қайтарылды. Суреттен көріп отырғаныңыздай, сол жағында алдымен мемлекеттік рәміз, одан кейін сандар орналасады. Оң жағындағы бөлек ұяшыққа аймақтың екі санды коды көрсетіледі.

Әскери көліктердің нөмірлері

2014 жылдың соңынан жаңа әскери нөмірлер беріле бастады. Түс гаммасы мен форматы заңды тұлғалардікі секілді, тек әріптер мен сандардың үлкендігі бірдей, ал тудың орнында жұлдызша орналасқан. Үш саннан кейінгі МО – Қорғаныс министрлігі («Министерство обороны» дегеннің қысқарғаны), ал МР –Military Police.

Қазақстанның резиденті емес нөмір белгілері

Нөмірдің сол жақ бөлігінде Қазақстанның туы мен «KZ» коды орналасады. К (корреспонденттер) және М (шетелдік компаниялар) сериялы нөмір белгілерінің форматы төмендегідей: тудан кейін кіші шрифтпен үш сан және үлкен шрифтпен үш сан жазылады. Мұнда кішкентай сандар елдің кодын білдіреді. Нөмір белгісін екі қатарға жазғанда әріп пен алдыңғы үш сан үстінде, соңғы үш сан астында тұрады.

Н және F (Foreigners – шетел азаматтары) сериялы нөмір белгілерінің форматы басқа: мұнда тудан кейін әріп және төрт сан, сосын бөлек ұяшыққа тіркелген аймақтың коды жазылады. Екі қатарға жазғанда әріп пен екі сан үстінде, қалған екі сан астында тұрады. Ал тіркелген аймақтың коды ту мен «KZ» кодының астына бөлек ұяшыққа жазылады.

ЕАЭО елдерінен әкелінген және Қазақстанда уақытша тіркелген автомобильдер аймақтық коды -18 берілді.

Дипломатиялық нөмір белгілері

Бұл нөмірлер қызыл түсті, оның сол жағына Қазақстанның туы мен «KZ» коды жазылады. Тудан кейін әріп пен кішкентай үш әріп және үлкен үш әріп орналасады. Мұндағы үш кішкентай сан елдің кодын білдіреді. Нөмірдің оң жағында нөмірдің қолданысқа енген күні көрсетілген жапсырма тұрады. 

Ал екі қатарға жазғанда әріп пен алғашқы үш сан үстінде, соңғы үш сан астында тұрады. Жапсырма ту мен «KZ» кодының астына жазылады.

Сондай-ақ, нөмір белгілерінің жаңа түрлері де енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, құрметті консулдардың нөмірі қара-сары түсті, форматы – ҚР туы мен код, НС (Honorary Consul – құрметті консул) жазуы, төрт сан және жапсырма орналасады. Екі қатарға жазғанда әріптер үстіне, сандар астына жазылады, жапсырма ту мен кодтың астына орналасады.

Сонымен қатар, ресми рәсімдерге қатысатын автокөліктер үшін де жаңа нөмірлер берілді. Олардың түс гаммасы дипломатиялық нөмірлер секілді, сол жағына Қазақстан туы мен «KZ» коды, сосын «PROTOCOL» сөзі жазылады.

БҰҰ автомобильдерінің нөмірлерінде көгілдір өңде ақ белгілермен «UN» әріпімен үш цифра болады соңында екі әріпті сериясы бар. Нөмірдің ортасында ұйымның таңбасы орналасқан.


Әшімбай Асқар


10.05.2020 19:00

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz