ЧП
4260

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды

Фото: из открытых источников

Танымал тележүргізуші, қазірде "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қарекет" бағдарламасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы растады, - деп хабарлайды Toppress.kz.

Ағамыздың дүниеден өткенін өзіміз жаңа таңертең естідік. Ол қатерлі ісікпен ауырған еді, бір жылдан аса емделді, - дейді Ақжелең Рахатдинқызы.

Тележүргізуші сырқаттанып жүргенін Instagram-парақшасындағы соңғы жазбасында мәлімдеген еді.

Халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым, - деп жазған еді Бейсен Құранбек.

Еске салайық, былтыр желтоқсанның аяғында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бейсен Құранбек ауыр дертке шалдықты деген хабар тараған еді.

Ал былтыр ақпанда тележүргізуші асқазан жарасы шығып, дәрігерлердің оны екінші рет аман алып қалғанын Instagram желісінде жазған болатын.

Бейсен Құранбек (9 желтоқсан, 1971 жыл, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылы), тележүргізуші
Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген.
Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған.
Ал қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.
2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.
2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарекет бағдарламасын жүргізеді.
2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды.
Жетістіктері
Қазақстан Президенті сыйлығының иегері (2006 жыл)
ҚР Мәдениет қайраткері.


18.05.2020 11:00

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz