Казахстан
315

Қарағандыда қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтауы мүмкін

Фото: 2gis.kz

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров автобус жүргізушілері мен жолаушылар карантин режимін сақтамаса, қоғамдық көліктер жұмысы тоқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Toppress.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Өңірдің бас санитар дәрігері қала тұрғындары мен қоғамдық көлік қызметкерлері карантин талабын қатаң сақтауы керегін ескертті.

Қоғамдық көліктер жұмысын бастаған кезде автобус парктерінің басшылығымен түсіндіру жұмысын жүргіздік. Оларға халыққа қалай қызмет көрсету керегін түсіндірдік. Өкінішке қарай, бұл талаптар орындалған жоқ. Жолаушылар автобусқа маскасыз отырды. Қоғамдық көлік жұмысын аяқтаған соң онда дезинфекция жұмыстары жүргізілмеген. Автобуста қала тұрғындары арақашықтықты да сақтаған жоқ, - деді Қанат Асқаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

 Осы жағдайдан кейін автобус паркінің басшылығына қайта ескерту жасалыпты.

Егер бұл талап орындалмаса, қоғамдық көліктің жұмысын тоқтатамыз. Бұл тәртіпті бұзатындарға қатысты. Қазір күн сайын мониторинг жүргізіп отырмыз, - деді өңірдің бас санитар дәрігері.

Қанат Асқаров қазіргі қаладағы жағдай тұрақталғанын жеткізді.

Олар автобустарда дезинфекция жұмыстары жүргізіп жатыр. Маска тағу керегін айттық. Автобуста көп адам болмауы керек. Халық мұны дұрыс түсінуі қажет. Олар автобусқа кіргенде алдымен өздерінің қауіпсіздігін ойлауы керек, - деп түйіндеді сөзін ол.

22.05.2020 16:21

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz