Казахстан
738

КӘСІБІН СҮЙГЕН ТОҚЫМАШЫ КЕЛІНШЕКТІҢ АЛҒЫРЛЫҒЫ

Фото: из открытых источников

«Арманда! Ұсын! Іске асыр!» Бұл қанатты сөздер 4 жылдан бері қазақстандық жастарға дем беріп келеді. Осы жылдар ішінде оң мыңға жуық жастар Жастар корпусын дамыту жобасы Zhasproject-тен грант ұтып алып, өз әлеуметтік кәсіптерін ашты. Жастар жобада менторлардың қолдауына ие болып, жеке кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренді.  2019 жылы Жастар корпусы дамыту жобасының Алматы қаласы бойынша грант ұтып алған иегерлерінің бірі – Индира Санғұлова. Әжеден анаға, анадан балаға дарыған тоқымалық өнер оны «Тоқып, жылулығыңды сыйла» әлеуметтік жобаны жасауға шабыттандырады. 

Zhasproject жобасының шарты бойынша жобада 3-5 қатысушы болу керек. Жобадағы барлық талаптар орындалған жағдайда топ мүшелері ай сайын 40 000-60 000 теңге көлемінде стипендия алып отырады. Юлия Брякина мен Ольга Тарадинаның басын қосқан Индира шағын тоқыма цехты ашып, былтырдан бері жұмыс істеп келеді. Жобаны іске асырған алты ай ішінде Индира және жобадағы тоқымашы қыздар жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандарға тоқыма өнімдерін тегін таратты. Бұл жобаның басты шарттарының бірі еді. Яғни, жақыныңа жәрдемдесу арқылы қоғамға пайдалы болу қағидасы көзделген. Міне, жобаның аяқталғанына бір жыл болды. Алайда Индираның кәсібі тоқтап қалған жоқ. Zhasproject жобасы арқылы бірнеше тоқыма мәшинкесін сатып алған ол, жоба аяқталған соң да тағы да тоқымаға қажетті қосымша техникалар сатып алған. 

Индира САНҒҰЛОВА, әлеуметтік кәсіпкер:

Жалпы Zhasproject жобасы бізге мықты background болды. Жобаны іске асыру барысында біз көп нәрсені үйрендік. Өзімізге бір айда неше тоқыма бұйымдарын жасау керектігін жасап, сол жоспарды міндетті түрде орындайтынбыз. Сосын тоқылған киімдерді оңалту орталығында жатқан науқастарға, мүгедектерге тараттық. Біздің бұйымдар өте сапалы Италия жіптерінен тоқылады. Оны иемденген жандардың көздерінен қуаныш көргенде, мен өзімнің дұрыс бағытта келе жатқанымды ұғынамын. Әрине, қиналған сәттер де болады. Бірақ мен данышпан Сүлеймен патша туралы аңызды әрдайым еске алып: «Бұл ауыр күндер де өтер» деп өзімді жқбатамын.

Кәсіпкер Индира елімізде тоқыма фабрикаларының жоқ екенін сөзге тиек етті. Яғни, Ресей, Қытай және Италиядан сатып алынатын тоқыма жіптер қымбат, ол тауар бағасының өсуіне қатты әсер ететінін жеткізді. Болашақта фабрика ашуды мақсат еткен алғыр кәсіпкер бүгінгі таңда инвестицияның жоқтығы қолды байлап тұрғанмен, оның шағын кәсібі тоқтап қалған емес. Тоқыма бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, шағын цехтың жұмысын дөңгелетіп отыр.


04.09.2020 18:17

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz