Казахстан
410

БҒМ қашықтан оқытуда бірқатар мәселелердің барын мойындады

Фото: из открытых источников

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқытуда мәселесі барын ашық айтты, - деп хабарлайды Toppress.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылы дайындықсыз басталды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде 500 мыңнан аса мұғалім жұмыс істеп жатыр. Барлық ұстаздың еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Министрлік осы уақытқа дейін мұғалімдерге алғысын айтып келді. Қазіргідей қиын уақытта әртүрлі форматта жұмыс істеп жатқан ұстаздарға алғысымызды айтамыз, - деді ол орталық коммуникациядар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, елімізде оқушылардың білім алып жатқанына 9 күн болды, бір күнде 2 миллионнан аса сабақ өткізілген.

Қашықтан білім беруді ұйымдастыруда, санитариялық талаптарды орындау бойынша бірқатар жұмыс ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін 435 мың оқушыға компьютер берілді. Бұл қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін жасалған іс-шара болып саналады, - дейді вице-министр.

Сондай-ақ, ол Каринова білім беру саласында шешімін таппаған мәселе барын ашық айтты.

Әрине, қашықтан оқыту кезінде мәселелердің бар екенін білеміз. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселе бойынша күнделікті білім беру мекемелерімен, білім басқармаларымен жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік желілерде мұғалімдердің, ата-аналардың, депутаттардың көтеріп отырған мәселелерін біз де байқап отырмыз. Олардың әрқайсына жеке-жеке жауап беріп, жеке түрде қарастырамыз. Барлық мәселені шешуді қарастырып жатырмыз, - деді ол.

09.09.2020 15:13

Комментарии (0)

Оставьте комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *.

Ваш комментрий будет опубликован после модерации.


Рекомендуемые новости
Рубрики

Экономика
Экономика
Экология
Экология
В мире
В мире
Культура
Культура
Репортаж
Репортаж
Общество
Общество
Спорт
Спорт
Медицина
Медицина
Карикатура
Карикатура
Криминальные новости
Криминальные новости
Военная журналистика
Военная журналистика
https://topppress.kz