• Последние

Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды

24.06.2026

Алиев высоко оценил вклад Токаева в развитие сотрудничества Казахстана и Азербайджана

13.07.2026

Новая Конституция закрепила особый статус семьи и усилила социальные гарантии — Аида Балаева

13.07.2026

Обрабатывающая промышленность Казахстана перешла к устойчивому росту — исследование НАЦ

13.07.2026

Новый этап и новые вызовы: Карлыгаш Жаманкулова покидает пост главы фонда «Әділ сөз»

13.07.2026

Театры Казахстана за сезон посетили свыше 2,8 млн человек

13.07.2026

Экономический рост и реформы: Президент одобрил планы Правительства по модернизации Казахстана

13.07.2026

В Казахстане почти на 50% выросло производство сливочного масла

13.07.2026

Искусственную иллюзию мнения большинства создают в соцсетях Казахстана — исследование

13.07.2026

Более тысячи человек вышли на старт Qarmet Run 2026

13.07.2026
Фото: Metro Co

Мужчина погиб на глазах у семьи после спуска с водной горки

13.07.2026

9-летний мальчик прошел 7 километров по трассе в поисках отца

13.07.2026

В Актюбинской области школьникам рассказали, почему экологическая ответственность начинается с каждого человека

13.07.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/14/9:10
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды

by Темирлан Жапаров
2026/06/24 10:10
A A

Алматыда оқу жылының қорытындысы бойынша негізгі мектепті (9-сыныпты) 30 380 оқушы сәтті аяқтады. Олар үшін бұл белес алғашқы күрделі жеңіс болды. Жылдар бойы ерекше ынта-жігер танытқан түлектер бөлек құрметке лайық: Алматының 2 168 мектеп оқушысы 9-сыныпты үздік бітіргені туралы аттестат алды, деп хабарлайды Toppress.

11-сынып түлектері үшін мектеп өмірінің соңғы аккорды соғылды. Биыл Алматыда орта мектепті 20 803 түлек бітірді. Қаланың білім беру жүйесінің мақтанышына айналған «Алтын белгі» иегерлерінің саны да көңіл қуантады — биыл барлық пәндер бойынша үздік білімдерін дәлелдеген 790 түлек мектептің ең жоғары марапатына ие болды.

Бұдан бөлек, жалпы орта білім беру курсын (11-сыныпты) үздік аяқтаған 2 083 түлекке ерекше үлгідегі аттестат табысталды, бұл олардың жоғары академиялық мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.

Соңғы жылдары Алматы қаласында аттестат тапсыру салтанатын күндізгі уақытқа өткізу дәстүрге айналып келе жатыр. Түліктердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп, өскелең мәдениетті сақтауға бағытталған бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты.  Салтанатты жиындарға әрбір мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, Білім басқармасының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Әуезов ауданындағы №202 мектеп-гимназия түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты Оқушылардың Инновациялық орталығында салтанатты табысталды. Әрине, мектеп бітіруші түлектер үшін аттестат тапсыру – өмірдегі ең маңызды әрі есте қаларлық сәттердің бірі. Мектеп бітіруші түлектерді мектеп-гимназия директоры Болат Жанайханұлы, түлектердің ата-аналары атынан Айгүл Нурғазықызы, «Алтын белгі» иегерілері Аружан Мирасқызы, Аслан Мақсатұлы, Шұғыла Жұмабекқызы, Байжан Жания, Айсәуле Асқарқызы, Әмина Ғабитқызының тебіреніске толы тілектері де көпшілікті бей-жай қалдырмады.

Ғасырдан астам тарихы бар айтулы білім ошағы №12 мектепте өткен аттестат тапсыру салтанатты жиыны өзгеше мәнде өткізілді. Мектеп директоры Айымгүл Дәуірбекова түлектерді құттықтап, олардың алдағы өмір жолына сәттілік тіледі:

– Биыл біздің мектепті 141 түлек бітірсе, олардың 11-і «Алтын белгі» иегері атанды. Енді сіздер алған білімдеріңіздің арқасында таңдаған оқу орнының студенті атанып, қалаған мамандық иесі болыңыздар. Қазақ білімінің шамшырағы аңызға айналған алтын ұяның даңқы дәуірлей берсін, – деді мектеп басшысы.

Жиында оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан оқушылардың есімдері ерекше аталды. Түлектер өз кезегінде білім нәрімен сусындатып, өмірлік бағыт-бағдар берген ұстаздарына алғыстарын білдірді. Ата-аналар да балаларының жетістіктеріне қуанып, мектеп ұжымына ризашылықтарын жеткізді.

Енді түлектердің алдында үлкен мақсаттар мен жаңа белестер тұр. Олар алған білімдерін ел игілігі үшін жұмсап, Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыруға өз үлестерін қосары сөзсіз. Осынау қимастыққа толы сәтте ортаға шыққан 11-сыныпты бітіруші түлектер өздері түлеп ұшқан алтын ұяға деген іңкәр сезімдерін ерекше тебіреніспен жеткізді. Алматы мектептеріне тән қалыптасқан дәстүр – түлектер қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, «Мектепке кітап сыйла», «Мектепке сый» атты ағаш, гүл отырғызу акциялары мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен арнаулы емдеу мекемелеріне қолдау көрсетуді жалғастырды.

Алматы қаласының Білім басқармасы барлық түлектерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтайды!

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.