Алматылықтар коронавирусты көбіне қонаққа барғанда жұқтырған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Toppress.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қаладағы адам көп шоғырланатын орындарды аралаған кезде ас беріп жатқан екі дәмхананың ішінде 60 адам маскасыз отырған. Ескерту жасалғаннан кейін қонақтар үйіне тараған.

Наурызбай ауданында екі дәмхана жабылды. Сол екі дәмханада: "Алматы", "Панорама" дәмханаларында ешқандай эпидемиялық талаптарды сақтамай, маскасыз және шоғырланып, 60-тан астам адамға ас берілді. Мониторинг топтары бұл заңбұзушылықтарды тоқтатты. Осы асқа қатысқан адамдарға түсініктеме айтқаннан кейін бәрі тарап кетті, – деді Бекшин Алматы телеарнасында өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ бас санитар коронавирус жұқтырған алматылықтардың көбі қонаққа барғанын атап өтті.

Біз анализ жасаған кезде, көбінесе, осындай адам көп шоғырланған жерге барыпты. Ең бірінші жабық баспаналарда, сауда орталықтарында болған. Өкінішке қарай, жасырын айтады. Ауырып жатқандарға эпиданамнез жасаған кезде "қонаққа бардық" дейді. Жасыратын ештеңе жоқ. Банкеттер жасап жатыр екен. Сондықтан тұрғындардан адам көп жиналатын орындарға бармауды сұраймыз. Ал, мынадай жабық орындарға барған кезде маска тағу керек, антисептик пайдалану керек. Нысанның ішіне кіргенде санитейзерді пайдалану керек, – деді Бекшин.

Подпишитесь на нашу рассылку

Будьте в курсе последних новостей, получайте свежие статьи и видеообзоры.

Вам также может понравиться

Фейк: «Польша, Швеция и Норвегия подали в суд на ВОЗ за заражение Европы COVID-19»

Пользователи Instagram делятся новостью о том, что Польша, Швеция и Норвегия подали…

Разбивка по цветам не призвана контролировать жизнь людей – Цой

Министр здравоохранения РК Алексей Цой подробно рассказал о мобильном приложении “Ashyq”. Он…

Манипуляция: Производители вакцин признали, что препарат не защищает от КВИ

Казахстанцы распространяют сообщения о том, что вакцины против COVID-19 на самом деле…

На жесткий карантин закрывают ЗКО

8 ноября главный санврач региона своим постановлением предложил ввести в ЗКО строгий двухнедельный карантин,…