“Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына ұсынылған үміткерлер Е.Жасыбаев, Ж.Телпекбаева, Д.Алимбаев пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Донбаев, Ж.Бектасов, Ж.Жазыкпаева, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Балажанова, Б.Сүнбеков және Қарасай аудандық “Nur Otan” партия филиалының штаб жетекшісі, партияның сенімді өкілдерімен бірге өңірдегі “Асыл арман” тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен жүздесті.

Мәслихат депутаттығына үміткерлер «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұрғындармен кездесіп әлеуметтік мәселелерді талқылады.
«Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары өздерін алаңдатып жүрген мәселелерін атап өтіп, сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Қарасай ауданының сайлау қорынан төленді.










