• Последние

Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуінің толық мәтіні

08.07.2020
Screenshot

Мендыбай ага преодолел 600-километровый рубеж: Балхаш принял эстафету «Құрылтайға жол»

15.08.2026

В Актобе началось строительство новых канализационных очистных сооружений

15.08.2026

«Тектілік қайда, тәрбие қайда?» — депутат қоғамдағы әдеп мәселесін көтерді

15.08.2026

Центр по борьбе с дезинформацией предупредил о спланированных информационных атаках накануне выборов в Курултай

15.08.2026

«LOTUS FEST-2026»: в церемонии открытия фестиваля приняли участие около 3 тысяч человек

15.08.2026
Screenshot

Казахстанская школьница в составе международной экспедиции «Ледокол знаний» вернулась с Северного полюса

15.08.2026

Бизнесу в Казахстане станет сложнее переводить хозяйственные споры в уголовную плоскость

14.08.2026

Экспортный рывок отечественного АПК

14.08.2026

Резкое изменение перетока электроэнергии привело к отключениям в регионах РК

14.08.2026

Казахстан предлагает новые возможности для инвестиций в лесоклиматические проекты

14.08.2026

Димаш, Кайрат Нуртас и Дима Билан: кто выступит в Караганде ко Дню шахтера

14.08.2026

Задержали за угрозы женщине, а вскоре он умер в отделе полиции в Экибастузе

14.08.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/08/16/22:36
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуінің толық мәтіні

by Toppress.kz
2020/07/08 14:45
A A

Ақорда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуінің толық мәтінінің жариялады, — деп хабарлайды Toppress.kz.

Құрметті отандастар!

Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде.

Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр.

Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр.

Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Сол себепті, бірқатар елдерде  карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді.

Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ.

Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді.

Бұл аса қажетті шешім болды.

Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ.

Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты.

Бұл  – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт.

Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде.

Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз.

Дегенмен, мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді.

Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын.

Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде.

Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. 

Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын.

Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді.

Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас.

Алайда, уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды.

Салмақты, сабырлы болайық!

Біздің жұмысымыз – айқын, қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады.

Бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керек.

Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттері орын алуда.

Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды.  

Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе. Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды.

Бұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек.

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады.

Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады.

Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады.

Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де  толығымен қамтамасыз етіледі. 

Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз.

Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін.

Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар.

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз.

 «Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік.

Әр азаматтың амандығы үшін күресейік!

Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін!

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.