“Nur Otan” партиясы Жылыой аудандық филиалының бастамасымен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерқұл Сабырұлы Даулетбаев “Қара Арна” ауылдық округі тұрғындарымен санитарлық талапты сақтай отырып кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жылыой ауданының 2021-2025 жылға бағытталған Сайлауалды бағдарламасы насихатталды. Сайлауалды бағдарлама аясында ауылдық округ тұрғындарының ұсыныс пікірі мен тілектері тыңдалды.
Соңы сұрақ-жауапқа ұласқан кездесуде жергілікті тұрғындардың тұрмысы, әлеуметтік салалар және басқа да өзекті мәселелер қозғалды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді.










