“Nur Otan”партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айкен Аманқосқызы Аманчинаның білім саласы өкілдерімен кездесу аудандық Сайлауалды Штабының залында өтті.
Кездесу барысында үміткер Атырау облысы, Жылыой ауданының 2021-2025 жылға бағытталған Сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, білім саласы өкілдерінің ұсынысын тыңдады.
Білімді- мыңды жығады» деп дана халқымыз бекер айтпаған, білім- жеңілмейтін қару. Қараңғы түнде адастырмас жарық жұлдыз. Адамзатқа рахым, мейірім ретінде берілген аса бағалы сый, – деді Айкен Аманқосқызы.
«Білім – тақтан да қымбат асыл қазына» дей отырып, білім саласы өкілдерін 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды.
Ауданда осындай шаралар жалғаса бермек.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді