Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия 142 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz.
Отырыста Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова шетелде білікті кадрларды дайындауға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасының маңызын атап өтті.
«Болашақ» бағдарламасына қосымша құжаттар келіп түсті. Отырыста жақсы нәтиже көрсеткен азаматтардың құжаттарын қараймыз», – деді ол.
Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссияның шешімімен 142 қазақстандыққа «Болашақ» бағдарламасы тағайындалды. Олар әлемнің беделді университтерінде білімдерін шыңдайтын болады.
Айта кетейік, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінген.