Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» республикалық газеті ұжымымен қоштасты. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жазды деп хабарлайды Toppress.kz.

“Бүгін алты жылдан астам уақыт қызмет еткен, бауыр басып қалған Егемен Қазақстан газетінің ұжымымен кездесіп, осы жылдары қоян-қолтық бірге жұмыс істеген жақын әріптестеріммен қоштасып шықтым. Алыптардың ізі қалған, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы атанған бас басылымда біраз жыл еңбек еттік, қос газеттің басын қосып, жүз жылдық белесін атап өттік. Осы жылдары қолдаған, бірге еңбек еткен әріптестеріме алғысым шексіз.
Смағұл Сәдуақасұлы, Мұхтар Әзезов сияқты алаш қайраткерлері басқарған ел газетінің тізгінін енді алаштанушы ғалым, публицист, академик Dikhan Kamzabekuly ұстайды. Ұлт ұпайын түгендеп, ел руханиятына қалтқысыз қызмет етіп жүрген, қаламы мен қайраткерлігі қатар Диқаңа жаңа жұмысында сәттілік тіледім.
Бас директордың орынбасары қызметіне де белгілі журналист Қамбар Ахметті бекіттім.
Сол қызметте болған, ендігі жұмысын Түркі академиясында жалғастыратын Жандос Бәделұлына да атқарған қызметі үшін алғыс айттым”, – деп жазды Дархан Қыдырәлі.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған болатын.











