Осы күндері Елордамыз Астанада халықаралық деңгейдегі тарихи кездесу өтіп жатыр. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында бірқатар тарихи сәттер орын алуда. Атап айтсақ ұйымға оныншы мүше мемлекет қабылданды, түркі және араб әлемі мемлекеттері алғаш рет осы ұйым алаңында кездесуде, ең бастысы Қазақстанның төртінші рет төрағалығы жұмысы қорытындыланды. Осы жылғы жетекшілігі аясында Қазақстан бастамашылдығымен 150-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақстанның ШЫҰ-ы аясындағы және «ШЫҰ плюс» форматындағы жан-жақты әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа бейілді екені мәлімделді.
Бүгінде ШЫҰ-ның халықаралық аренадағы рөлі айрықша және Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде көтерген «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» атты ұраны ортақ миссиямыздың мән-маңызын айқын көрсетті.
ШЫҰ аясындағы басты міндеттер, ол-бейбіт және үйлесімді даму, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, ішкі су көздерінің деградацияға ұшырау проблемасын шешу және т.б. Сонымен қатар мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында 25 құжатқа қол қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазіргі заманның түрлі проблемасына қатысты ортақ ұстанымның жаршысы ретінде «ШҰЫ дауысы» халықаралық аренада қаттырақ естілуі керек және солай болуға тиіс. Сондықтан біз қабылдаған Тату көршілік, сенім және ынтымақтамтық қағидаттары туралы мәлімдеме өте өзекті», – деп атап өтуінің маңызы зор.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангельды Толамисов