• Последние

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық топ Ақтөбе облысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

23.10.2018

Поп-хиты в симфоническом звучании: в Алматы состоялся концерт Ne Prosto Orchestra при поддержке Škoda

08.09.2026

Новую армейскую традицию «Сарбаз жолы» запустили в области Абай

08.09.2026

Фастфуд заметно подорожал в Казахстане: в каких областях цены изменились

08.09.2026
People pray, following a fireworks explosion during patron saint festivities honouring the Virgin of the Light, which left several people dead and others injured, in the community of Santa Maria Canchesda, in the Temascalcingo municipality, State of Mexico, Mexico, September 6, 2026. REUTERS/Luis Cortes

10 человек погибли из-за пиротехники на фестивале в Мексике

08.09.2026

Легковушка с газовым баллоном загорелась и взорвалась в Жанаозене

08.09.2026

В Казахстане продолжают находить схроны с пропавшим оружием

08.09.2026

В Непале прошёл день траура по погибшим при наводнении

08.09.2026
one male worker in blue clothes holds a gray ax in his hand on the street

Отсидел 25 лет и снова напал: в Петропавловске вынесли приговор «маньяку с топором»

08.09.2026

В Казахстане построят 13 новых колледжей на 20 тысяч мест

08.09.2026

Казахстан запустит 9 новых спутников к 2030 году

08.09.2026

Восьмилетняя девочка погибла под колесами авто в Макинске

08.09.2026
Кадр из видео

Баян Максаткызы: К насилию нельзя относиться равнодушно

07.09.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/09/08/14:36
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық топ Ақтөбе облысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

by Toppress.kz
2018/10/23 07:22
A A

Ағымдық жылы 22-23 қазан аралығында Ақтөбе облысында жоспарға сәйкес жылына екінші рет Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы ұйымдастырылды.

РАТТ жұмысы барысында орта мектеп білім алушылары мен мектеп мұғалімдері арасында зайырлылық қағидаттарының маңыздылығы мен радикалды діни ағымдардың зардабы туралы түсіндіруге баса назар аударылды. Осыған орай, іс-сапар барысында кездесулердің басым бөлігі оқушылар мен студенттер арасында жүргізілді. Сондай-ақ РАТТ мүшелері мектеп оқушыларының ата-аналары, қамқорлық қорларының өкілдерімен кездесті. 

Жастар арасында соңғы кезде дінге деген қызығушылықтың артып отырған үрдістерін ескере отырып, РАТТ мүшелері жастарға дін туралы ақпаратты, діни білімді қандай қайнар көздерден алу керектігін барынша түсіндірді. 

Сонымен қатар, РАТТ жұмысы стратегиялық маңызды объектілерде, яғни, зауыттардағы еңбек ұжымдары арасында жүргізілді. 

Ақтөбе облысында РАТТ құрамында жұмыстар жүргізген дәріскер – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының меңгерушісі, доцент Тышхан Кеншілік өзінің сарапшылық пікірлерін білдіре отырып: “Қазақстанда дін және мемлекет қатынасы мен дін және құқық байланысы, зайырлылық төңірегіндегі мәселелер талқыланғанда екі түрлі қателікті байқауға болады. Біріншісі, бұрынғы кеңестік жүйе шеңберінде қалыптасқан түсініктен шыға алмай зайырлылықты дінсіздік (атеизм) ұғымына балама түрде қолдану қателігі, екіншісі зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес деп түсінетін, алайда оның қалай қолданыс табуынан, оның қағидаттарынан бейхабар, өзі ұстанатын діни мүддеге қарай бейімдеуге тырысу қателігі” бар екендігін айтты. 

“Бірінші мәселе бойынша қателік, негізінен, дін құбылысының қоғамдағы орны мен рөліне шынайы баға берілмеуінен, сабақтастықты дәстүрлі діни тәжірибеге сүйенген діни таным мен сенім түсінігінің негіздері мен ерекшеліктеріне мән бермеушіліктен, қоғамдағы діни ұстаным динамикасының артуы мәселесін назарға алмаудан, не болмаса халықтың діни жаңғыруы мен діндар азаматтардың санының күннен күнге артуынан қауіптену үрейінен туындап отыр. Ал екінші мәселеге қатысты, мемлекеттің діни плюларизм мен сенім бостандығына берген мүмкіншіліктерін бұрмалай отырып, басқа да мұсылман елдерімен салыстырмалы түрде діни ұстанымға қолайлы жағдай қалыптастыру, тіпті жекелеген топтар мен көзқарас өкілдерінің мемлекеттік, құқықтық қағидаттарды зайырлылық қағидаттарына қайшы деп санау арқылы толық өз діни қызығушылықтарына талпыныс жасау. Соңғы кездерде айтылып жүрген “Қазақстан, мұсылман мемлекеті болуы тиіс. Оны заңда көрсетуіміз керек” деген сынды пікірлердің астарында осындай талпыныс жатыр деуге болады.

Қазірде еліміздегі діни ахуал әрбір саналы азаматты алаңдатады. Осыған байланысты күнделікті қоғамдық қатынастарда діни ұстанымның ерекшеліктері мен әртүрлі қырлары жарыққа шығып жатыр. Дінді ұстанушылардың қатары молайған сайын қоғамдық ортада жағымды-жағымсыз пікірлер туындап, қарама-қайшылықтар, отбасылық өмірдегі кикілжіңдер, діни түсініктердегі алшақтықтар белең алуда. Егер, әлем елдеріндегі осы діни ұстаным мен қарым-қатынастарға байланысты қайшылықтарды назарға алар болсақ, діни алауыздық пен бөлінушіліктің зардабы орасан болатындығына көз жеткізуге болады. 2008 жылғы Ағылшынның ішкі қауіпсіздік қызметінің материалдары бойынша террорлық әрекеттер мен соларға жақын тұратындардың көпшілігі дінді жақсы білмейтін, тіпті діни міндерттерін орындамайтындар екендігін жазады. Ал оның алдын алу ретінде діни ағартушылық пен діни мекемелердің жұмысы дұрыс жолға қойылу керектігін көрсеткен.

Бірақ, ислам әлемін фатализм пікірі жаулап алғандығы шындық. Фатализм пікірінің жаулағандығы соншалық адам егер қандай да бір істе өзіне бір пайда беретін болса ол құдайдың тағдырына қарсы келгені болып саналған. 

Сонымен қатар, “Зайырлылық тек дін мен сенім бостандығы немесе мемлекет пен діни мекемелер істерінің ажыратылуы ғана емес. Зайырлылық, көптеген елдерде, соның ішінде біздің елімізде де мемлекеттің демократиялық, құқықтық ұстанымдарға негізделуін білдіреді. Олай болса, мемлекеттің жалаң түрде зайырлы болуы емес, тарихи, рухани, мәдени салалардағы құндылықтарын назарға ала отырып, азаматтардың сенімдік және рухани қажеттіліктерін бағалай отырып зайырлық қағидаттарының үлгілерін қалыптастыруы қажет” деп мәлімдейді сарапшы. 

Түйіндей келе, дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы негізінде бүгінгі діни ахуалды реттеудің тетіктері мен тарихи сабақтастық жолдарын ұсына отырып, бүгінгі мәселелерді әлеуметтанулық болжам тұрғысынан қарастыру қажет екендігін аса маңызды екендігіне назар аудару өзекті мәселе болып қала бермек.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.