Қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты, барлық жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты мен негізгі мәні болып табылады.
Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында бірінші кезектегі басымдық ретінде әлеуметтік әділдікке ерекше мән беріліп, мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға, қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтілетін болады.
Алдағы бес жылда ортақ зейнетақы мөлшері жыл сайын индекстелініп , инфляция деңгейін 2 пайыз қосып жүзеге асырылады. Тұрақты күтімге мұқтаж және жеке көмекші пайдаланбайтын І топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетіліп, берілетін арнаулы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 есе көбейтілген мөлшеріне жеткізіледі,- дейді Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Байтанаев Амантай Алтынбекұлы.
Үміткердің айтуы бойынша, 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысын дамыту көрсеткіші 30 пайызға жеткізілетін болады.

Колледждер, жоғарғы оқу орындары инклюзивті білім беру жүйесімен қамтылып, мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізу жоспарланған,- деп жалғастырды Амантай Алтынбекұлы.
Сонымен қатар үміткер қалада жүргізілген жаңашылдықтар туралы да айтып берді.
Осы бағытта NUR OTAN партиясының бастамасымен, Арыс қалалық партия филиалының сайлауалды бағдарламасындағы алдағы 5 жыл ішінде қаланы дамытудың 7 басымдығы жасалынып, қаламыздағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға көңіл бөлінетін болады. Мүгедек азаматтарға онлайн режимде көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталы енгізіліп, жыл сайын 100-ден астам мүгедектер жұмыспен қамту шараларына қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға тасымалдау қызметін көрсетуде инватакси көлігінің санын 4-ке арттыру жоспарланып отыр,- деді депутаттыққа үміткер.
Сайлауалды бағдарламада қала мен ауылдық округтерде “қамқоршылық” бағдарламасына сәйкес материалдық көмек көрсету бекеттерін ұйымдастыру арқылы, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал жасалынатыны да айтылып өткен.
Қаламыздағы инклюзивті білім беру дамыту мақсатында мектептер санын 6-дан 31-ге арттыру көзделуде.
Бірауыз сөзбен айтқанда, бізді, елдегі әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін бағытталған қыруар жұмыстар күтіп тұр.
Міне,сондықтан еліміздің барлық азаматтарын көрегендік пен белсенділік танытып, 10-қаңтар күні сайлау учаскелеріне баруға шақырамын. Өзіміз үшін, ұрпағымыз үшін жарқын болашақты таңдайық.”Nur-Otan”-ға дауыс берейік!,- деп аяқтады сөзін А. Байтанаев.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Арыс қаласының сайлау қорынан төленді.










