Үш Олимпия ойынына қатысып, алтын, күміс және қола медальдардың толық жиынтығын иеленген қазақ спортының даңқты өкілі Елдос Сметов жақында берген сұхбатында мемлекет тарапынан спортшыларға көрсетіліп отырған қолдауға тоқталды, деп хабарлайды Toppress.
Оның айтуынша, спорттық мансабының барлық кезеңінде жоғары нәтижеге жетуі үшін қажетті жағдай жасалған. Жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары толық қамтамасыз етіліп, дайындық кезеңінде қажетті медициналық көмек, дәрі-дәрмек, сауықтыру шаралары және қалпына келу мүмкіндіктерінің бәрі ұсынылған
Мемлекет мүмкіндік берді. Елдос Сметов сол мүмкіндікті тарихи жеңіске айналдырды. Париж Олимпиадасының алтыны – осы жүйелі қолдау мен спортшының маңдай тері, қажыр-қайраты және табандылығының нәтижесі.
Елдостың өзі айтқандай, мемлекет спортшыға қажет жағдайдың барлығын жасады. Ал нәтижесін ел көрді.













