“Nur Otan” партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Еңсепов Қайрат бүгін ауданның ең ірі осал топтардың бірі көпбалалы аз қамтылған отбасылармен санитарлық талапты сақтай отырып, кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауданның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, бағдарлама аясында ауданның даму перспективалары және көпбалалы аналарды, әлеуметтік осал топтағы жандарды барынша қолдау шаралары талқыланды. Кездесу сұрақ-жауап форматында өткізілді. Жиынға келген азаматтар көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, партия өкілдерінің жауаптарын алды.

«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту үшін кешенді шараларды жүзеге асырады және олардың материалдық тұрақтылығы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін жағдайлар жасайды.

Қазіргі уақытта Жылыой ауданынында 83,4 мыңнан астам халық тұрады. Әр отбасы үшін тұрғын үйдің болуы маңызды. Тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны – 1 903 адам. «Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарда азаматтарға тұрғын үйлерді пайдалануға беруді жоспарлап отыр: 38,7 мың шаршы метр (немесе 360 пәтер) беріп, 5 қабатты 3 тұрғын және 3 қатарлы 1 тұрғын үйді салу. Сонымен қатар, үміткерлер коммерциялық тұрғын үй салуды қолға алу да жоспарланғанын жеткізді. Үміткерлердің айтуы бойынша, осы шаралар нәтижесінде кезектегі 360 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, үміткерлер азаматтарды 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарымен дауыс беруге шақырды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді.










