25 қарашада түнде Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында әйелдің мәйіті табылды.

35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйел ауыр жарақаттың салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстың себебі анықталып жатыр, деп хабарлады “Ақ Жайық” газеті. 

Қайтыс болған әйелдің артында күйеуі, жеті баласы қалды.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жылыой ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтыланған ақпаратты кейін беретінін мәлімдеді.

Подпишитесь на нашу рассылку

Будьте в курсе последних новостей, получайте свежие статьи и видеообзоры.