Facebook желісінде Маңғыстауда мектеп оқушыларының қатысуымен болған жан түршігерлік көрініс пайда болды. Бір топ бала шамамен 12-14 жасар жасөспірімді байлап тастап, түрлі зақым келтірген, деп хабарлайды Toppress.kz.
Римма Утесбаева Facebook желісіндегі өз парақшасына видеоны салып былай жазған:
Маңғыстау облысының білім басқармасы! Мына видео бойынша, қандай жұмыстар жүргізілді??! Қандай шаралар қолданылды, мына оқушы балалардың іс-әрекетіне??!
Біздің Ақтау қаласының, мектеп оқушылары екені распа??! ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК. Жансая Исмагулова, сізден жауап күтеміз??
Қазіргі таңда видео қол жетімсіз.