Бүгін Кеген ауданында Тәуелсіздікке жиырма тоғыз жыл толуына орай және Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына қолдау көрсету мақсатында «Nur Otan» партиясы Кеген аудандық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік автошеру өтті.
Шеруге қатысушылар аудан көшелерін Мемлекеттік туды жоғары көтеріп, салтанатты түрде аралап шықты. Олардың арасында әр салада биік белестерді бағындырған жастар мен тәуелсіздік құрдастары бар.

Еліміздің көк туын желбіреткен шеруге 10-ға жуық автокөлік қатысты. Осылайша шерушілер, Ел Тәуелсіздігінің әрбір қазақстандық үшін ерекше мейрам екенін көрсете отырып, партия атынан ұсынылып отырған кандидаттарды қолдауға шақырды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуде.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Кеген ауданының сайлау қорынан төленді.










