Бүгін Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Жазықпаева, Ж.Донбаев, Т.Қасымбекова және Қарасай аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Айтжанов, Е.Константинова, Б.Сүнбеков, Ж.Садуова, Б.Айнабеков, А.Балажанова денсаулық сақтау салысының өкілдерімен онлайн форматта жолықты.

Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Үміткерлер сайлауалды бағдарламаның алға қойылған жоспар екенін және жоспар талаптың арқасында жүзеге асатынын атап өтті. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда табандылық пен талаптэ керек екені де айтылды.
Кездесу соңында үміткерлер қатысқан денсаулық сақтау салысының өкілдерін алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Қарасай ауданының сайлау қорынан төленді.










