Бүгін Ақтау қаласында “Nur Otan” партиясының өкілдері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы және сәулетші Сайын Назарбектің шаңырағына арнайы барды, деп хабарлайды Toppress.kz.
Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Бауыржан Байбек аға буын өкілдеріне қамқорлық әрқашан “Nur Otan”-ның назарында болатынын атап өтті.
Сонымен қатар “Nur Otan” партиясының өкілдері “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында жалғызбасты және аса мұқтаж қарттарға атаулы көмек көрсетіп, әрбір өңірде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары құрылатынын хабарлады. Егде жастағы науқас жандарды емдеу шараларын жүргізетін арнайы медициналық кадрларды даярлау да партияның ерекше назарында екені айтылды.
Сайлауалды уәделі жұмыстарымыз аясында біз зейнетақыларды жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға индекстеу міндетін қоямыз. Зейнетақыны ресімдеу және тағайындау бойынша барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіп, электрондық түрде көрсетілуі тиіс, – деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Өңір ақсақалдары кішкентай баладан еңкейген қарияға дейін барлық мәселені қамтыған партия өкілдеріне ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Ақтау қаласының сайлау қорынан төленді