Қазір бүкіл әлем жаһандық жылыну салдарынан, қоршаған ортаның ластануы проблемаларына тап болды. Дамыған мемлекеттер экономика мен қоғамдық сананы «экологияландыруға» және табиғатты қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді іске асыруға көше бастады. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының мақсаттары экологиялық маңызды мәселелерді шешуге бағытталады.

Елімізде алып мұнай мен газ өндірісі орналасқан Жаңаөзен қаласында технология мен өндіріс қарқыны жоғары. Бұл орайда мұнайлы өлкедегі экологиялық ахуалды назарға алу маңызды. Мұнай өндіру ісімен айналысатын компаниялар қоршаған ортаны бүлдірмес үшін жыл сайын көптеген қаражат бөліп, тазалау, қайта өңдеу шараларын жүзеге асырады.

Жаңаөзенде соңғы жылдары тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мәселесі өзекті болып отыр. Тұрғындар есік алдында шашылып жатқан қоқыстар ұзақ уақыт жиналмай тұратынын, ел арасында ауру таратынын айтып шағымданып келеді. Партия қаладағы бұл мәселені ескеріп төмендегідей шараларды жоспарлап отыр. «Nur Otan» 2021-22 жылдары Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарынан шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын типтік үлгідегі жаңа полигондардың құрылысын салу, Жаңаөзен қаласы аумағындағы жалпы ауданы 37 га ескі полигонды қайта жаңарту, 5 жыл бойы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару үшін 5 мың дана контейнерлер сатып алып орнату және тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін 7 бірлік арнайы техника сатып алуға ықпал етеді.

Сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және өндірісте, тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдайды.

Қалада өткен канвассинг кездесуде дәл осы жоспарлы жұмыстар талқыланды. Қалалық мәслихат депутатына кандидат Зәуре Құсайынова, Бағила Жарылғасова, Эльмира Құдайбергенова, Гүлсін Аджибаева Теңге ауылы Жалау Мыңбаев көшесін аралап, әрбір үйге жеке кіріп шықты. Тұрғындар көше жарығын күшейту, жарықшамдар, орнату, тазалық мәселесі, ауылдарда бұралқы иттердің көбейіп кеткенін, жаяу жүргіншілер жолдарын салу мәселелерін көтерді.

Жарықтандыру, тазалық, жол салу жұмыстары партияның сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын жеткізген кандидаттар барлық сұрақтар негізге алынып, тиісті органдарға беріліп, жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қорынан төленді.

Подпишитесь на нашу рассылку

Будьте в курсе последних новостей, получайте свежие статьи и видеообзоры.

Вам также может понравиться

Назарбаев: Ассамблея – единственный пример для всех постсоветских государств

Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев отдал свой голос на выборах депутатов в…

Огласили результаты выборов депутатов в Мажилис, избираемых АНК

Стали известны результаты выборов депутатов в Мажилис Парламента РК, избираемых Ассамблеей Народа…

Было задействовано порядка 20 тысяч наблюдателей – Центра непартийного наблюдения за выборами

11 января 2021 года состоялся итоговый брифинг Центра непартийного наблюдения за выборами…

Депутаты Мажилиса VII созыва получили депутатские удостоверения и значки в ЦИК РК

Сегодня Центральная избирательная комиссия зарегистрировала депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан VII созыва,…