“Nur Otan” партиясынан Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ермишева Гүлпаш Құбашқызы, Үмбетов Жұмабек Тегісбайұлы және Иманғалиев Асхат Кенжеғазыұлы Тұрғызба елді мекенінде жоспарға сай Канвассинг кездесу өткізді.
Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарына тоқталып,үгіт-насихат жұмысын жүргізіп,алдағы сайлау науқанында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
«Біздің басты міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Осы мүмкіндіктерді пайдалану – азаматтарымыздың өз таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты. Отбасы – партиямыздың басты құндылықтарының бірі. Отбасын қолдау және нығайту – еліміздің табысты дамуының кепілі. Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады. Біз отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеміз.», – деді үміткер.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді