Павлодар облысындағы бүгінгі тiркелген науқас жағдайы бойынша:
Ол пациент ресми түрде Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр, алайда короновирус инфекциясын анықтауға қатысты күн сайынғы зерттеулердің көптігіне байланысты, аталған пациенттің сынамалары Павлодар облысына жолданған. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 1 адам ғана тіркелгенін растаймыз, – деп жазылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан ақпаратында.
Мынандай мәліметтерді дұрыс деп есептеуді сұраймыз:
Жалпы елімізде (2020 жылғы 31 наурызда сағат 16:30 бойынша) коронавирус тіркелгені туралы 336 жағдай расталған, олардың ішінде:
Нұр-сұлтан қ. – 176,
Алматы қ. – 82,
Қарағанды облысы – 13,
Атырау облысы – 13,
Ақмола облысы – 10,
Жамбыл облысы – 3,
Шымкент қ. – 2,
Шығыс қазақстан облысы – 2,
Алматы облысы – 8,
Ақтөбе облысында-3,
Солтүстік қазақстан облысы – 2,
Павлодар облысы – 1,
Маңғыстау облысы – 1,
Қызылорда облысы – 18,
Батыс қазақстан облысы – 2.