Оралда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары да түйінделіп келеді. Қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткерлер халықты сайлауға белсенді түрде қатысуға үндеуде.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын үміткерлер бүгін де жауапты түрде жалғастыруда. Таңертең әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан Арман Бәйдеуов желі қолданушыларын жетекші партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Саяси науқанға дайындық барысындағы іс-шаралардан хабардар етті. Эфир барысында Батыс Қазақстан облыстық көпсалалы аурухананың бас дәрігері өңірдегі медицина саласының дамуы, қаладағы түйткілді мәселелер, әлемді жайлаған жұқпалы індетпен күрес барысы жайлы сауалдарға жауап берді.
Сонымен қатар үміткерлердің арасындағы тағы бір медицина саласының өкілі Тимур Әжіғалиев те бұл күні тұрғындармен онлайн форматта кездесу өткізді. Бұл қатарды Владимир Юркевич те толықтырып, оралдықтармен тікелей желіде жүздесті.
Бұл күнгі іс-шараларды жалғастырған Мирболат Бижанов Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының танымал әншісі Айбар Хайырхановпен канвассинг-кездесу ұйымдастырды.
Үміткерлердің ортақ мақсаты – біреу. Ол – еліміздің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілік танытып, сайлау учаскелеріне келуге және партияға дауыс беруге шақыру.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының сайлау қорынан төленді.










