Таңда көрген түс тегін болмайды деп жатады. Түс адам өмірін өзгертіп, оның тағдыр арнасын басқа даңғылға бұруы мүмкін… Жалпы түс феноменін ғылым тілімен түсіндіріп беру қиын…

2006 жылы аяқ астынан Астанаға жол тартамын. Әжептәуір істеп жүрген жұмысымнан астымнан су шыққандай тастап кете бардым. Бір ай бұрын басшым Еркін аға «Қаратау тәжі» газеті редакторының орынбасары деген жауапты қызметке қойып еді. Айлығым шайлығыма жетерлік. Бәрі ойдағыдай… Алайда менің өмірімнің күрт өзгеруіне себеп болған түс және түстегі тұлға еді…

2006-ның тамылжыған тамызы. Жұмыстан қатты шаршап келемін. Әр бейсенбі газетте таңға дейін станоктың қасында тұрып соңғы газет басылып шыққанша тұрамыз. Газет қолға түскен соң үйге қайтамыз корректор, дизайнер, баспашы жігіт төртеуміз. Сондай күндердің бірінде шаршап келіп түс көрдім. Түсімде сол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен үлкен дөңгелек үстел басында отырмыз. Жүзі жылы, журналисттер айнала отырып, атамыздан сұрақ қойып жауабын алып отырмыз. Бір қызығы Нұрсұлтан атамыз отырған тұстан күн нұры төгіліп тұр. Яғни, ылғи журналисттер керемет бір күннің шуағына шомылып отырмыз. Керемет бір ауанда отыр екенбіз… Сол күні таңертең керемет бір тебіреніспен ояндым. Күн жұма болатын. Жұмысқа жиналдым…

Есіме тағы бір оқиға түсіп кетті сол кездегі. 2005 жылы Президент сайлауы қарсаңында, Елбасымыз қараша айының 4-ші жұлдызында Кентау қаласына жұмыс сапарымен келген. Шәмші Қалдаяқов алаңына көп адам жиналғанмен, мен журналист ретінде Президентті жақын көруге қанша талпынсам да, жақындай алмадым… Жақыннан көре алмағаным үшін бір өкініш болған ияқты. Енді, міне мына түс. Бұн не тылсым екен деп жұмысқа бардым…

Жұмыс әдеттегідей, жиналыстар мен оқиға болған жерге бару және сұхбат жазу. Анда-санда газетке жарнама берушілерден тапсырыстарын қабылдап, жарнамамен де айналысып жүрдім.

2006 жыл. Қыркүйек. Сарғайып күз келді. Айдың соңына қарай Астанадан группалас қыздар телефон соқты.

  • Алло Салта, қалайсың, Астанаға келгің келмей ме? Мұнда біз пәтер таптық. Жанымызға қыздар іздейміз, – дейді арғы жақтағы дауыс.

Телефон тұтқасын қоя сала, ойым сан жаққа сансырайды. Астана алыс жер, оның сарышұнақ аязы жайлы әкем талай айтатын. Үйдегілер аздап қарсы болса да, алды артыма қарамай қытайдың екі сөмкесіне заттарымды салдым да жолға шықтым.

2006 жылы 23 қыркүйекте Астананың шаң асфальтына аяғым тиді. Сарыарқаның желі ызыңдап тұр. Қара суық желкемнен өтіп барады. Бірақ оны елейтін мен емес. Бойымда тасып тұрған энергия, арман және алға қойған мақсаттар…

Уақытты көп жоғалтпай бірден жұмыс іздеуге кірісіп кеттім. Бір аптаның ішінде Қорғаныс Министрлігінің «Қазақстан сарбазы» газетіне тілші, әрі дизайнер-беттеуші болып жұмысқа тұрдым. Ең алдымен, үйдегі әкем мен анама бұл жақсы жаңалықты айтып қуанттым. Осылай күндер өте берді. Айлығым аз. Оңтүстіктен әкелген жұқа етігім жыртылып, аяғым тоңса да жұмысқа барамын. Дене қызуым көтеріліп, ауырып тұрсам да жұмысқа барып бастыққа ләм-мим деп қиналдым деп ауыз ашпадым. Себебі, менде арман бар, мақсат бар. Көрген түсімнің құдіреттілігі маған күш берді.

Уақыт өте берді. Тұрмысқа шықтым, балалы болдым. Қиын күндер артта қалды. Ұлым үшке келгенде,  «Хабар» агенттігіне жұмысқа орналастым. Арманымның орындалуына аз қалғандай көрінді маған. Мен қызмет ететін арна бөлімінде редакторлық қызмет еттім. Кейде жиналыстар мен үлкен форумдарға барамын, Елбасын тек сыртынан сығалап көремін. Кейде журналисттерге сыртынан бақылау үшін арнайы бөлмеге кіргізіп қояды, сол жерден Елбасының сыртқы бейнесін бақылаймыз. Уақыт өтіп жатыр. Арман мақсаттарыма ақырындап болса да қол жеткіздім. Алайда сол аян түсімнің орындалуын әлі де күтемін… Сүбелі сұхбаттың болар күні алыс емес…

 

Салтанат ӘШІРБАЙ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Подпишитесь на нашу рассылку

Будьте в курсе последних новостей, получайте свежие статьи и видеообзоры.

Вам также может понравиться

РЕЙТИНГ АКИМОВ: ИТОГИ СЕНТЯБРЯ – ПОДГОТОВКА К НОВОЙ ВОЛНЕ КОРОНАВИРУСА

Сентябрь ознаменован новой волной коронавируса, которая уже бушует во всем мире. Казахстан,…

Глава СК-Фармация назвал размер своей зарплаты

Его зарплата составляет 1 300 000 тенге, заместитель получает 900 000 тенге,…

Рейтинг акимов городов Казахстана: Август-сентябрь

Управлять городским хозяйством одно из самых тонких и нервных занятий, в котором…

Скандальное промо фильма “Борат-2” возмутило казахстанцев

Пользователи социальных сетей возмущены видео с промо-роликом фильма “Борат – 2”, передает…