Талғар ауданы “Nur Otan” партиясының өкілдігі сайлау қарсаңында ГПК “Су құбыры” мекемесінде кезекті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Алибеков Мұхит Бейсембекович, Игибаев Ержан Минимханович, Даурбаева Александра Сагилымовна, Баракова Роза Хамаралиевна, Айиқалиев Жасұлан Айтқалиұлы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, көтерілген мәселелерді назарына алатынын жеткізді.

Үміткерлер “Су құбыры” мекемесінің қызметкерлерін алдағы сайлауда “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Талғар ауданының сайлау қорынан төленді.










