Төрт жылдық қажырлы еңбек, таудай талап пен жаңашылдыққа ұмтылыс. Өмірлік маңызы бар дағдаларды үйрене отырып, өзің тұратын ортаңа пайда әкелумен қатар шыдамдылыққпен қиындықтарды еңсеру. Осының барлығы – Жастар корпусын дамыту жобасы жастарының толағай табыстары.
Төрт жылда Zhasproject жобасы NEET санатындағы 14-29 жастағы жастарға өз жобасын жасауға миллион теңге көлемінде грант берді. Сондай-ақ 40000-60000 теңге көлемінде ай сайынғы шәкіртақылар тағайындалып отырды. Аталған мерзімде он мың қатысушы 2989 әлеуметтік жоба жоба жасады. 1810 әлеуметтік жоба ауылда, 1179 жоба қалалларда іске асырылды. Әлеуметтік жобаға 5549 әйелдер мен қыз-келіншектер кәсіпкерлікте өз бағын сынаса, 520 мүмкіндігі шектеулі жандар өз күшін осы жобада сынап көрді.
Алматы облысы, Кербұлақ ауылының жас тұрғыны Олжас Жақыпбаев 2020 жылы Zhasproject жобасынан «Тренажерлық зал» деген әлеуметтік жоба жасау үшін грант жеңіп алады. Бұл Олжас Серікұлының алғаш жеңісі болатын.
Жалпы Олжастың бозбала кезеңі қиындықпен басталды. Бірақ жігітке тән ер мінезді ол басына түскен сынаққа мойымай, бар ауыртпашылықты көтере білді. Қазір жасы отызда. 2014 жылы әскер қатарына шақырылып, 2015 жылы әскерден соң 12740 әскери бөлімінде жауынгерлік және дене дайындығы бойынша нұсқаушы лауазымында взвод сержанты қызметіне кіріседі. 2018 жылы кенеттен болған оқыс оқиға оның өмірін дейін және кейін дейтін екі арнаға бөледі. Сол жылы Қапшағай қаласындағы ДШБ Артилерия полигонда снаряд жарылып 9 адам жарақаттанады. Оның ішінде Олжас та бар. Жарақат алғандарды Алматы қаласындағы госпитальға жедел түрде вертолетпен апарып, жандарын аман сақтап қалады. Олжас 10 күн реанимацияда, 1 жарым ай төсек тартып жатып, тағы да 2 айдай мүгедектер арбасына таңылады. Үш айдан соң аяққа тұрып, емханадан 2 топтағы мүгедек болып шығады. Қолындағы саусақтарының барлығы түгел емес еді. Дене мүшемнің кем болуы оны депрессияға алып келеді. Олжасбарлығын қайтадан бастауға тура келеді.Алайда достары мен, туыстары арасында байланысты үзбей, олармен жақсы қарым-өатынаста болады. Солай жүріп басына түскен жағдайдан шығуды ойлады. Ол ендігі өмірде қалған саусақтарын бейімдеп, жұмыс істеуді үйрене бастайды.
Өмір осы жағдаймен тоқтап қалмайтынын түсінген Олжас алға ұмтылып, жаңа бір жоба жасауға кіріседі.Кербұлақ ауылындағы әкімшілікте істейтін Күншуақ Нұржан деген аға Zhasproject жобасы жайында хабардар етеді. Бірден бел буып өзінің сүйікті ісі спортпен шұғылдануға баулитын «Тренажерлық зал» әлеуметтік жобасының жоспарын жазды. Кербұлақ ауданының жастары үшін бұл жобаның маңыздылығы өте жоғары болатынын ұқты.
Қазіргі таңда «Тренажерлық зал» әлеуметтік жобасыныда Олжаспен қатар спорт тренері Дулат Дүзасу мен Ермек Әбдрайыомв бірге жұмыс жасайды. Топ мүшелері бірігіп түрлі спорт шараларын өткізіп, жастар тегін спорт жаттығуларын жасайды. Жастар арасында үстел теннисі бойынша турнирлер жиі өтіп тұрады. Жастар корпусын дамыту жобасының арқасында ауыл тұрғындарына бұл спорттық залдың көп пайдасы тиді. Жастар өздерінің бос уақытын аталған залда пайдалы спорт шұғылданумен өткізеді. Пандемия кезінде санитарлық нормаларды сақтап, залға 2-3 адамнан ғана келіп жүрді. Алдағы уакытта тренажерлық залдың жұмысын тегін жалғастыратынына Олжас сенімді.