Сенат депутаты Дана Нұржігіт Премьер-министрдің атына жолдаған сауалында отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының Фэйсбук парақшасында белгілі болды деп хабарлайды Toppress.
Сол себепті ол Қазақстан Үкіметінен заңнамада қажетті талапты көздейтін нормаларды қарастыруды және тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыруды сұрады.