• Последние

Тоқаевтың инвестициялық дипломатиясы: жеті жылда Қазақстанға $162 млрд тартылды

17.08.2026

Арман Кырыкбаев обсудил с творческим сообществом и молодежью Послание Президента и развитие культуры чтения

14.11.2026

«Казахмыс» удостоен региональной премии «Парыз–2026» за лучший социальный проект года

14.11.2026
Screenshot

В Астане пройдет автопробег с разбитыми автомобилями в память о жертвах ДТП

14.11.2026

Налоговую реформу в Казахстане могут пересмотреть: бизнес добивается отмены спорных ограничений

13.11.2026

Токаев поручил усилить транзитный потенциал Казахстана и повысить конкурентоспособность транспортных коридоров

13.11.2026

Развитие медицины, энергетики и инфраструктуры: в Мангистау обсудили реализацию Послания Президента

13.11.2026

Больше капитала, шире защита: АФФРФ готовит реформы до 2030 года

13.11.2026

Казахстанский бизнес просит пересмотреть налоговые ограничения, чтобы избежать финансовых проблем в 2027 году

13.11.2026

«Придется признать провал реформы»: Дмитрий Казанцев высказался о налоговых изменениях в Казахстане

13.11.2026

Казахстанскому бизнесу грозит волна банкротств в 2027 году – налоговый консультант

13.11.2026

«Имидж страны портят не аресты, а коррупционеры»: Ашимбаев оценил жесткие заявления Токаева

13.11.2026

В Ауэзовском районе Алматы благоустроили сквер для отдыха жителей всех возрастов

13.11.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/11/15/10:37
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
  • Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Тоқаевтың инвестициялық дипломатиясы: жеті жылда Қазақстанға $162 млрд тартылды

Экономист-сарапшы Айбар Олжаевтың пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басқарған кезеңіндегі сыртқы саясаттың көзге түсе бермейтін, бірақ экономика үшін аса маңызды бір ерекшелігі бар.

by Saida Nygmet
2026/08/17 15:20
A A

Экономист-сарапшы Айбар Олжаевтың пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басқарған кезеңіндегі сыртқы саясаттың көзге түсе бермейтін, бірақ экономика үшін аса маңызды бір ерекшелігі бар. Көбіміз оны білмейміз. Мемлекет басшысының шетелдік сапарларының едәуір бөлігі саяси келіссөздермен аяқталмайды. Президент барған елде ірі бизнес өкілдерімен жеке кездеседі, инвестициялық дөңгелек үстел өткізеді, нақты компанияларды Қазақстанға шақырады. Кейін сол келіссөздердің көбісі инвестициялық келісімге, зауытқа, электр станциясына, логистикалық орталыққа немесе нақты капитал ағынына айналған.

Енді осы корреляцияны цифрмен тексеріп шығайық. Ұлттық банктің 2026 жылғы 30 маусымда жаңартылған статистикасы бойынша, Қазақстанға шетелдік тікелей инвесторлардан түскен жалпы инвестиция ағыны 2019–2025 жылдары шамамен 155,8 млрд доллар болды. Ал 2026 жылдың алғашқы тоқсанында тағы 6,3 млрд түсті. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылдың наурыз айынан мемлекет басқарғанын ескерсек, 2026 жылдың бірінші тоқсанында оның президенттігіне толық 7 жыл толды. Сонда жеті жылда елімізге 162,1 миллиард доллар инвестиция келген. Әр жылда орта есеппен 23 миллиард доллар келіп отырған.

Тіпті жылдар бойынша динамиканы қарап шыға аламыз. 2019 жылы 24,4 миллиард, 2020 жылы – 17,2 млрд, 2021 – 23,8 млрд, 2022 – 28,2 млрд, 2023 – 23,9 млрд, 2024 – 17,9 млрд, 2025 – 20,5 млрд, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында 6,3 млрд доллар инвестиция тартылған. Рекорд 2022 жылы қойылған. Дәл сол жылы Президент Тоқаевтың бір күн дамылдамай сапарлағаны есімде. Сонда әр сапар экономикамыз үшін нақты есептелетін доллар болып эффектісін берген. Бұл инвестициялық дипломатияның көзбен көріп, қолмен ұстай алатын жемісі.

Елдер бойынша айтсақ. Президенттің Оңтүстік Кореяға, Германияға, Түркияға, Сауд Арабиясына, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасалған сапарларынан кейін сол елдерден аққан инвестиция көлемі екі есеге өскен. Ал Катар және Қытаймен байланыс тіпті феноменалды көрсеткішке алып келді. 2023 жылы дейін Катардың Қазақстанға инвестициясы небары 9 миллион доллар болса, 2025 жылы бұл көлем 1,26 миллиард долларға дейін, яғни 14 есе өскен. Қытайды алатын болсақ, ол тіпті стратегиялық инвестициялық әріптес деңгейіне көтерілді. 2019 жылы Қытай бізге 1,69 миллиард доллар инвестиция берсе, 2025 жылы көрші елден 2,83 миллиард доллар тартылды. Биыл бұл рекорд тағы жаңаруы мүмкін.

 Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ елінің басшылығына әлемдік экономика ауыр жағдайда тұрған кезде, пандемияда өндіріс пен сауда толық тоқтаған кезде, инфляцияның өршіп, капитал нарығының дағдарысқа ұшыраған уақытында, соғыс басталып Ресейге санкциялар салынған қиын кезде келді. Ол ел басқарған бір де бір жыл мамыражай болған жоқ. Мұнайдың бағасы барреліне 60-65 доллардан көтерілмей қойды. Бүкіл әлем, тіпті дамыған елдердің өзі артық капитал үшін, инвестициялар үшін қатты таласты. Бұл уақытта жылына 23 миллиард доллар инвестция тартып отыру Қазақстан үшін ерлікпен парапар еді. Ол үшін әр елдің бизнесімен, нақты бір кәсіпорын директорымен жеке-жеке кездесу қажет болды. Тоқаев бәрінің көңілін тапты. Қазақстанның перспективасы мен болашағына сендіре білді. Құрғақ уәде берген жоқ, нақты сандар мен жол картасын ұсынды. Гарантия берді. Сол кезде инвестор сенді. Және Қазақстанға келгеніне қазір ешбір инвестор өкінбейді. Олар үшін еліміз жемісті болды, нақты дивидендтерін жыл сайын алып жатыр.

Бастысы, сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша, мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа инвестициялық картасын жасады. Инвесторлар баяғыдай АҚШ пен Нидерланды ғана емес, Корея, Сингапур, Катар сынды жаңа ойыншылармен толықты. Инвесторлар географиясы кеңейді. Осының артында жеті жыл талмай жүгірген еңбек жатыр.

Рекомендуем также

Казахстан

«Казахмыс» удостоен региональной премии «Парыз–2026» за лучший социальный проект года

14.11.2026
Казахстан

Налоговую реформу в Казахстане могут пересмотреть: бизнес добивается отмены спорных ограничений

13.11.2026
Казахстан

Токаев поручил усилить транзитный потенциал Казахстана и повысить конкурентоспособность транспортных коридоров

13.11.2026
Казахстан

Развитие медицины, энергетики и инфраструктуры: в Мангистау обсудили реализацию Послания Президента

13.11.2026
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.