Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсармаса, Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеуі туралы мәселе туындайтыны жайлы айтты, – деп хабарлайды Toppress.kz.
Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды, – деді ол.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы цифрландыру қызметі жайлы сөз қозғады.
Бұл мәселеге қатысты Үкімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр? – деді Тоқаев.











