• Последние

«Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» – елордада «Алтын домбыра» ақындар айтысы мәресіне жетті

2021/12/13 10:32
Архивное фото предоставлено членом семьи

Невиновная женщина более 4 месяцев сидит под домашним арестом в Усть-Каменогорске

2026/06/08 15:42

Стрельба на фестивале в США: ранены не менее 12 человек

2026/06/08 15:39

Мощное землетрясение и цунами на Филиппинах: погибли 19 человек

2026/06/08 15:19

«Таза Қазақстан»: столичная молодежь провела экоакцию в необычном формате

2026/06/08 15:18

СМИ: Родители обвиняют администрацию НИШ из-за попытки сына свести счёты с жизнью

2026/06/08 15:01

В Казахстане подготовили новое поколение военных руководителей

2026/06/08 11:41

В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца

2026/06/08 11:37
Фото: Кадр из видео

Подросток угнал автомобиль и устроил погоню с полицией в Уральске

2026/06/08 11:35

Таксист устроил ночной заезд по набережной Астаны среди пешеходов

2026/06/08 11:23
Кадр из видео

Возле столичного ТРЦ «Хан Шатыр» пытались украсть девушку на глазах у людей

2026/06/08 11:20

Сырдарья забрала ещё одну жизнь: завершены поиски шестилетней Медины

2026/06/08 11:06

Правительство ответило на предложение разрешить пожарным таранить авто

2026/06/08 11:05
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/08/15:53
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» – елордада «Алтын домбыра» ақындар айтысы мәресіне жетті

by Алина Алиева
2021/12/13 10:32
in Казахстан
A A

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Екі күнге созылған жыр аламаны «Nur Otan» партиясының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті, Toppress.kz деп хабарлайды. 

Елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында суырып салма ақындардың 11 жұбы екі күн бойы айтыссүйер қауымды өрелі өнері, өрнекті сөздерімен сусындатты. Олар Тәуелсiз Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетiстiктерiн, Елбасы саясатының арқасында берекесі артып, бірлігі жарасқан елдегі ауызбіршілік пен саяси тұрақтылықты, Тәуелсіздік жолында жан аямай күрескен тұлғалар туралы жырлады. Арасында әдемі әзіл мен жарасымды қалжың да айтылды.

Ақындардың өнеріне көрнекті өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы баға берді. Сондай-ақ, қазылар құрамында айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев және өзге де өнер, қоғам қайраткерлері болды. Аламанды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтыстың шырақшысы атанған Жүрсін Ерман ата-бабаларымыздан мирас болып жеткен төл өнерімізге қолдау білдіріп келе жатқан «Nur Otan» партиясына алғысын жеткізді.

«Қазақтың бекзат өнері айтысты «Nur Otan» партиясы қанатының астына алғалы 3 жылдан асты. Еркіндікті, кеңдікті, қуатты қолдауды сезініп жатырмыз. Сондықтан, осы айтысқа қолдау білдіріп отырған еліміздің бас партиясына ақындардың атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Жүрсін Ерман.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен мерекелік айтыста ақындардың ешқайысы да жүлдесіз қалмады. Ынталандыру сыйлығына Арғынбек Қалбаев, Төлеген Жаманов, Бауыржан Ширмедин, Нұрзат Қару, Рауан Қайдаров, Қалижан Бірдәш ие болды. Қазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімовтің ұсынысымен тағайындалған арнайы жүлде Бөкен Жігерге берілді. Үшінші орынға екі ақын лайық деп танылса, оны Рүстем Қайыртай мен Жансая Мусина еншіледі. Екінші орынға Мейірбек Сұлтанхан ие болды. Бірінші орын мен «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісі Еркебұлан Қайназаровқа берілді. Ал бас жүлде – ¬«Алтын домбыра» және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағайындаған темір тұлпар жыр аламанында шашасына шаң жұқтырмаған Бекарыс Шойбековке бұйырды.

Дүбірлі доданың бас жүлдесін тапсырған «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұлттық өнерімізді ұлықтауға атсалысып жүрген азаматтарға және жыр бәйгесінің аламанына қатысқан барша ақындарға ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

«Айтыскерлеріміз екі күн бойы өте жақсы өнер көрсетті. Қаншама тұщымды ой, қанатты сөз айтылды. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді жан-жақты көрсетіп, жырға қосты. Біз шын мәнінде Мәңгілік ел боламыз десек, онда айтысты қолдауымыз керек. Неге десеңіз, ол – алдымен ана тілімізді қолдау. Содан соң, өнер жарыстырып, сөз сайыстыру болған кезде ақындардың шеберлігі шыңдалады. Қазіргідей пандемия жағдайында концерттер бұрынғыдай көп өте бермейтіндіктен, шығармашылық адамдарының табысына әсер етуде. Осының бәрін ескеріп, оның үстіне жас ұрпақ ұлттық өнерімізді ұмытпасын және ана тіліміздің абыройы асқақтасын әрі халық айтыс көріп, айызы қансын деген мақсат болды», – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол кіл мықтылар жиналған аламанда нағыз жүйрікті анықтау қазылар алқасына оңай болмағанын айта келе, інілік ізетпен ағасына жол берген түркістандық ақын Еркебұлан Қайназаровқа ризашылығын білдірді.

«Соңғы жылдары Елбасының тапсырмасы бойынша Түркістан шын мәнінде Түркі әлемінің рухани орталығы ретінде дамып келе жатқанын білесіздер. Қаншама құрылыс жүргізілген киелі шаһар бүгінде қайта түлеп жатыр. Осы жолы «Алтын домбыраның» иесі – Бекарыс Шойбеков. Енді «Алтын домбыра» да Түркістанға кетеді. Түркістан жұртын құттықтаймыз! Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгілік болсын!», – деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде, бас жүлдені қанжығасына байлаған Бекарыс Шойбеков лебізін өлеңмен жеткізді:

Атыңнан айналайын Алты Алашым
Саған келіп, кеңіді-ау арқа-басым.
Азаттық алған күні басталған той,
Қазақ аман болғанда тарқамасын!

Біз енді Түркістанға бет аламыз,
Бұйырса бірер күнде жете алармыз.
Ол біздің төрт қақпалы қаламыз ғой,
Танытпай оны қалай жата аламыз?!

Ашып қой төрт қақпаңның төртеуінде,
Арамызда жоқ біздің шекарамыз.
Еркебұлан екеуміз қатарласып,
Саған «Алтын домбыра» апарамыз!

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
8
Share