Хәкім Абай әлемге нақыл сөздерімен таныс екені баршамызға мәлім. Бүгін Ватикан елі сол ұғымды біржола шегелеп дәлелдеді. Өйткені, Рим Папасы Франциск әлемдік діндер көшбасшыларының съезінде Абайымыздың сөздеріне бірнеше рет тоқталып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген журналистерге қазақтың абыройын тағы бір асқақтатты, деп хабарлайды Toppress.kz.
Рим Папасы Ұлы Абайдың сөздерін сөйлегені – көмекшілерінің жеттік дайындалғаннан бөлек, елімізді мойындағанымен тең! Себебі, Ресейге келген әлемдегі беделді адамдардың Пушкин туралы айтқаны әлі болмады.
Әлемдік індет әлі де өршіп тұрған кезде, елімізге келген беделді қонақтар, Қазақстанды сыйлап, санасатынын нышаны деп түсінуге болады.
Қазақстан әрқашан кез келген шиеленістің бейбіт жолмен шешілгенін қалайды. Оны айтып қана қоймай, іспен де дәлелдеп жүр. Одан бөлек, елдегі әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы татуластық, әлемге үлгі болып, елімізге деген құрметтілікті арттыратыны сөзсіз.
Сонымен қоса, Қытайдың басшысы Си Цзиньпин елімізге мемлекеттік іс-сапармен келуі де жақсылықтың және дамудың нышаны деп түсінуге болады. Сөзсіз, кейде қытайдың саясатын сынап жатқан қазақ та жоқ емес. Дегенмен, біз олардың ішкі істеріне араласқанымыз, Ресейдің біздің ішкі саясатымызға әсер етуімен тепе-тең екенін ұмытпағанымыз жөн. Құдай қосқан көршіміз Ұлы Держава болса да, бізбен бір деңгейде қарым-қатынас орнатып келеді.
Одан бөлек, тарихи сәттерді де жадымызда сақтауымыз керек. Кезінде Абылай хан көп векторлы саясатты ұстанып келсе, қазір де еліміз сол бағытта дамып келеді. Демек, Қытай да, Ватикан да елімізге берері мол.
Қытай және Қазақстан басшыларының кездесуі нәтижесінде, біраз экономикалық мәселелер шешілетіні сөзсіз. Елімізге бір жақты емес, жан-жақты қарым-қатынас орнатып, даму үрдісін баяулатпай, керісінше үдету үшін, ҚХР келіссөздер жүргізу қажет болып тұр.
«Қанды қаңтар» еліміздегі жағдайды өзгертіп, даму жолын бір ашты десек те дұрыс болғай. Себебі, енді «Жаңа Әділетті Қазақстан» өзінің алғашқы қадамдарын жасап, дұрыс саясат жүргізуге талпындырып отыр.
Ал әлемнің басшылары елімізге келуі, бізбен санасып, мойындап, достық қарым-қатыс жасауға ниетті екенін дәлелдейді.