2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Өзбекстан Республикасының тұрақты халық саны 33 085 200 адамды құрады. Бұл деректі Өзбекстанның статистика бойынша мемлекеттік комитеті келтірді, деп хабарлайды Holanews.kz.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 428,5 мың адамға немесе 1,3 %-ға артқан.
Атап айтқанда, қала халқының саны 16 728 200 адамды құраған (50,6 %). Ал, ауыл тұрғындарының саны 16 357 000 адам (49,4 %) болған.
Құжатта көрсетілгендей, халық тығыз орналасқан өңір – Самарқан облысы – 3 777 800 адам (республика халқының 11,4 %), одан кейін Ферғана облысы – 3 665 600 адам (11,1 %).