Спорт
1415

Назарбаев пен Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Фото: 24.kz

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Toppress.kz Sputnik-ке сілтеме жасай отырып.

Назарбаевтың қазақстандық боксшының жеңісімен құттықтау хатын Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды. Ал жекпе-жектен соң Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізген еді. 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

Еліміздің мақтанышы - Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді.



09.06.2019 14:13

Похожие темы: #сайлау #жеңіс

Комментарии (0)

Рекомендуемые новости
Горячие новости

Грузим...