Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Toppress.kz Sputnik-ке сілтеме жасай отырып.
Назарбаевтың қазақстандық боксшының жеңісімен құттықтау хатын Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды. Ал жекпе-жектен соң Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізген еді.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.
Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!, – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді.