Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан Bek Air әуе компаниясының рейсі радардан жоғалып кетті. Ұшақта 95 жолаушы болған, — деп хабарлайды Toppress.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы — Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100-рейсі сағат 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған, — делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, 9 адам қаза тапқан, 9 адам зардап шекті, оның алтауы — балалар, — деп хабарлайды Vesti.ru.











